Қызықты логикалық сұрақтар

Қазақ халқы ойға жүйрік қой. Осыны тағы бір дәлелдейікші. Оның үстіне логикалық есептерді шешкен басқа да пайдалы. Ендеше, іске сәт! Білетін есептерімізді ортаға салып, кімнің ойы жүйрік екенін байқайық.

1. Сіз Алматыдан Мәскеуге ұшатын ұшақты жүргізесіз дейік. Бұл ұшақтың жылдамдығы сағатына 150 шақырым болса, қарсы соғатын жел жылдамдығы сағатына 30 шақырым құрайды. Жол ұзақтығы 550 шақырым. Ұшақ салонында барлығы 24 адам бар. Ұшақ жүргізушісі, стюардесса, және жолаушылар. Стюардессаның жасы 22-де. Жолаушылар жастары 7 мен 48-дің арасында. Сонда ұшқыштың жасы нешеде болуы керек?

2. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі — екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің ұлы емес. Сонда кімі болғаны?

3. 3 шофер болыпты. Олардың Самат деген інісі болса керек. Бірақ Саматтың ағалары болмапты. Сонда қалай?

4. Үш жолаушы келе жатса керек. Алдынан көл кездеседі. Бірінші жолаушы көріп көлді кешіп өтеді, екіншісі көреді бірақ кешпейді, өтеді, ал үшіншісі көрмей де, кешпей де өтеді. Сонда қалай өткен?

5. Бір қаз ұшып келе жатса, қарсы бір топ қаз кездеседі. Бір қаз «сендер нешеусіңдер?» деп сұраса, аналар «Біздің санымызға тағы осынша қосса, сосын тағы жартысын қосса, сосын ширегін қосса, сосын сені қосса жүз болады деп жауап беріпті. Сонда неше қаз болғаны

6. Бильярдта көлемдері, түстері бірдей 9 шарик бар. Оның 8-і 300 грамм да, біреуі 290 грамм. Таразыға екі рет қана тартып, жеңіл шарикті табыңыз.

7. Әдетте адамдар бас киімін кімнің алдыңда шешеді?

8. Сол жақтан оқысаң да, оң жактан оқысаң да бірдей сан қайсысы?

дереккөз://massaget.kz/

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған