37 ғасыр бұрын тұрғызылған пирамида

Мысырда бұрын ғылымға белгісіз болып келген пирамиданы тапты. Бұл туралы көне Мысыр істері бойынша Министрлік Департаментінің басшысы Махмуд Афифи мәлімдеді.  


Пирамида үйінділері Каирден 40 шақырымда орналасқан Дахшур патша қорымындағы Сновру перғауынның әйгілі пирамидасының солтүстігінен табылды. Қазіргі уақытта археологтар пирамиданың нақты өлшемдерін анықтауда.  


Ғалымдардың сөзінше табылған құрылыс теңбүйірлі пирамидалар құрылысының алғашқысы болған. Археологтар пирамиданың ішіне кіріп, содан кейін жер бетіне шығатын есігін тапты. Сондай-ақ иероглифтер жазылған алебастр кестелердің бөліктері мен тас шығырлардың кесектері табылған.  


Снофру «құрылысшылар династиясы» деген атпен белгілі Төртінші династияның бірінші перғауыны болған. Оның барлық пирамидаларында жерлеу бөліктері бар. Өйткені Дахшур қорымы сарай адамдары мен ауқаттыларды жерлейтін орын болған. Снофрудың «Сынған» пирамидасы пирамида тұрғызудағы өнерге ауысу стилінің алғашқыларының бірі. Пирамида қырларының бастапқы көлбеу бұрышы  55°, бірақ құрыстың астындағы жер орнықсыз болғандықтан құрылыс майысып кеткен. Сондықтан құрылысшылар пирамиданың іргетасына оған қиғаш пішін беретіндей құрылыс орнатқан.
Көне Мысыр істері бойынша Министрлік өзінің Facebookтегі парақшасында бұл жаңалық туралы ресми түрде мәлімдеді. Жақында ғана табылған пирамидадағы барлық заттар жақсы сақталған екен. Әрі қарайғы қазба жұмыстары мен иероглифтерді зерттеу көне құрылыстың барлық құпиясын ашады. 

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған