60 секунд

60 секунд…  Бұл біздің өміріміздің бір минуты ғана. Бұл аз ғана уақыттың ішінде біз  болмашы іс-әрекет жасап үлгеуіміз мүмкін. Мысалы, төсек салу, тіс тазалау, т.б. Алайда, әлемдік масштабта 60 секунд айтарлықтай  маңызды рөл атқарады. Біздің әлемде 60 секунд ішінде қандай жағдайлар болы үлгеретінін білесіз бе? 

1  Әр минут сайын біздің ғаламшарда 5 жер сілікінісі болады.  Көп жер сілкіністерін біз аңғара бермейміз. Себебі олар жер астындағы әлсіз дүмпулер түрінде болып өтеді. Оны тек қана арнайы құрылғылар арқылы ғана анықтай алады. 

2 Әрбір 60 секунд сайын Жерді 360 найзағай соғып өтеді. 

 3  Осы уақытта біздің ғаламшарда 107 адам қайтыс болып, 250 бала дүниеге келеді. Олардың жартысы аштық пен жоқшылықта туса, 250 баланың 15-і  кемістікпен туады.  

4 Бір минут ішінде  Ниагара сарқырамасы өзінен  31 600 тонна суды өткізеді

5.  960 000 000 тонна су  60 секунд ішінде жер бетінен буланып ұшады 

6. Адам жүрегі минутына 72 рет соқса, біздің организмімізде шамамен 300 000 000 жасуша өліп, жаңарады

7. Әрбір минут сайын адамзат 10 миллион темекі шегеді, ал темекі шегуден минут сайын 7 адам өледі.

8. Бір минутта колибри қанатын 4 000 рет қағады. жалқау аң  2-4 метр еңбектесе, ұлу 6 сантиметрге ғана жылжып үлгереді.  

9. 60 секунд сайын Жер  атмосферасымен  6 000 метеорит соқтығысады.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған