Ал, санаңдар!

Ал, санаңдар, санаңдар,

Бізде қанша адам бар?

Алдымда:

Атам, әжем,

Алдымда:

Әкем, анам.

Білмесеңдер, біліңдер,

Тағы саусақ бүгіндер.

Алдыма:

әпкем, көкем, «Аман жүрсін інім», – дер.

Өзім барамын, інім бар.

Кіп – кішкентай күнім бар.

Қанша болдық бәріміз?

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой

Бәрі нешеу, айта ғой? (Он тоғыз)

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған