Қара зере қандай ауруларға ем?

Ғалым Ибн Қайым Жаузия өзінің «Пайғамбар медицинасы» атты кітабында қара зеремен 50 шақты ауруды емдеуге болатындығын көрсеткен. Кейінгі зерттеулер бойынша да оның мынандай ауруларға ем екендігі белгілі: 

  • Қандағы холестеринді азайтады;
  • Ағзаны улы заттардан тазартады;
  • Иммунитет жүйесін күшейтеді;
  • Инсультқа (миға қан кету) қарсы тұрады;
  • Артрит (буын ауруы) пен бауыр ауруынан айықтырады;
  • Құрамындағы тимохинон арқылы қандағы глюкозаны азайтады;
  • Құрамындағы эфир майлар арқылы бактерияларды өлтіріп, олардың көбеюін тоқтатады;
  • Бронхит пен астмаға (тыныс жолдарының қабынуы) ем;
  • Ішектердегі қажетті бактерияларды қалпына келтіру арқылы іш-құрылыстың жүйесін реттейді;
  • Тері ауруларына пайдалы (қотыр, қышыма, бөртпе т.б.)
  • Өт пен бүйректе жиналған майда тастарды уатады;
  • Несеп жолдарын тазалайды;
  • Ішті жүргізеді;Ішек құрттарын жоюға көмек береді;
  • Бала емізетін әйелдердің сүтін молайтады;
  • Сүйелді кетіреді;
  • Жөтел мен сарыауруға таптырмайтын ем;
  • Белсіздікке  ем;
  • Семіздіктен арылуға көмектеседі;
  • Тәбетті арттырады;
  • Асқазанның ойық жарасын (язва) жазады;
  • Етеккiр циклын қалпына келтіреді т.б

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған