Қарбыз дегеніміз – жидек

Қауын, қияр, асқабақ  өсімдіктерінің жемістері Асқабақ тұқымдастарына (Cucurbitaceae) жататыны сияқты, қарбыз жемісі де асқабақ тұқымдасына жатады. 

Бірақ, солай бола тұра неге қарбыз – жидек?

Шындығына келгенде асқабақ жемістілер – жидектің әртүрлілігі. Сонымен, жидек дегеніміз не? Ботаниктер көп сүйекті және жұмсақ шырынды, қатты қабықпен қапталған жемістерді – жидек деп атайды. Бұл қарбыз сипаттамасына сай келеді.  

Сонымен, қауын да – жидек! Қияр да, асқабақ та, кәді де – жидек. 

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған