Археология ғылымы қашан пайда болған?

Алғаш рет «археология» деген терминді ежелгі грек философы Платон қолданыпты. Атақты ғалым б.д.д. IV ғасырда жазған еңбектерінде «археология – тарихты көне бұйымдар арқылы зерттейтін ғылым» деп атап көрсеткен екен. Алайда, бірқатар зерттеушілер археологияның негізі одан әлдеқайда ертерек (кемінде мың жыл бұрын) ежелгі Мысырда қаланған деп есептейді. Себібі, Мысыр жерінен табылған көне жазбаларда перғауындардың басшылығымен құм астына көмілген ескерткіштер қайта қазылып,  қалпына келтіріп отырғандығы жайлы деректеп сақталыпты.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған