Аспан түсінің көк болу себебі

Аспанның түсі неліктен көк? Шыныда да, не себепті олай? Аспан бізді қоршап тұратын ауадан тұрады. Бірақ басты шалқайтып, көкке көз тіксек, жүзін бұлт торламаған, ашық аспанның түсі көк екенін көреміз. Күнделікті жұтатын ауамыз көзге көрінбейтін, түссіз болғанымен аспанымыздың түсі көк. Оның сыры неде?

Аспан барлық жерде де көкшіл түсті. Солтүсікте бозғылт, оңтүстікте қою көк, бізде ашық көк түс. Аспанның алуан түрлі ғажайып түсі қалай пайда болады?

Аспан ауаға түскен күн сәулесі әсерінен сан түрлі түске енеді екен. Күн Жерге шуақ шашады, ол Жер қабатын қоршап тұратын қалың ауа қабатына түседі екен.

Ал күннің шапағы қызыл, сары, жасыл, көк, қою көк секілді түрлі түсті болады. Осындай алуан түсті сәуле қалың әуе қабаты арқылы таралғанда ауа сәулені ыдыратып, шашыратады. Бірақ көк түс барлығынан көбірек бөлінеді. Себебі, ауа қысқа толқынды сәулелерді жақсырақ шашыратады. Ал көзге көрінетін сәулелердің ішіндегі толқыны ең қысқасы – көк түс.

Міне, аспан түсінің бар құпиясы осында жатыр.

дереккөз: //massaget.kz/

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған