Қазақстанның қазба байлықтары

1. Қазақстан қазына, қазба байлығы жағынан дүние жүзіндегі ең бай деген он елдің қатарына кіреді.

2. Қазақстан әлемде қазба байлықтар қорынан мынадай орын алады (186 елдің ішінде):

Вольфрам, қорғасын, барий қорынан 1-ші орын, хромит, күміс және мырыштан 2-ші орын, марганец қорынан 3-ші орын, мыс мөлшерінен 4-ші орын, уран рудаларынан 5-ші орын, алтыннан 6-шы орын, темір рудаларынан 7-ші орын, қалайы мен никельден 8-ші орын, көмір,газ қорынан 9-шы орын, мұнай қорынан 13-ші орын алып отыр. Бұл – ғаламат байлық.

3. Каспий жағасындағы құрлықта 2,2 миллиард тонна, ал су астында (шельф) 4,5 миллиард тонна мұнай қоры жатыр.

4. Арал аймағындағы мұнай қоры – 350 миллион тонна.

5. Көмір қоры 200 миллиард тоннадан асады.

6. Қазақстандағы уран қоры – 900 мың тонна, әлемдік қоры – 3,5 миллион тонна, демек, әлемдегі уранның төрттен бірі – бізде.

7. Қазір табылған, ашылған, қазба байлықтың барлық құны – 3,7 триллион АҚШ доллары болады екен. Геологтардың есебінше, барлық болжамды қазына, байлықтан 10 триллион АҚШ долларына тең.

Маржан терген Ерғазы ҚАДАШҰЛЫ.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған