Балаға «балабақша» керек пе?

Кей ата-аталар «балаға үйде де жақсы болса, оларды балабақшаға берудің қажеті не?» деп ойлайды. Бұл мақалада біз сіздерге балабақшаның пайдалы жақтарын айтып өтеміз. 

Сонымен: 

1) Күн тәртібі.
Көпшілігіміз қатаң сағатпен жүруге үйренбегенбіз. Шындығында, ас ішу, серуендеу, ұйқыға жату барлығы күнделікті бір уақытта болғаны –  адам ағзасына өте пайдалы. 

2) Тәртіп. 
Бала балабақшада белгілі бер тәртіпті сақтап үйренеді.

3) Дербес бола білу 
Балабақшада бала өз мүмкіндіктерін көрсете алады. Өзін – өзі алып жүруге үйренеді. Себебі ол жерде оның ойыншықтарын жинайтын әжесі, қасықтан тамақ беретін анасы жанында болмайды. Бала өз жасына сай келер жұмыстарды орындайды, өзіне-өзі қарайды.   

4) Басқа үлкендермен қарым-қатынас. 
Мектеп жасы басталғанға дейін бала үшін тек ата-анасы мен жақын адамдары ғана құлақ асар үлкендер ретінде саналады. Бірақ, балабақша тәрбиешілері бала үшін басқа үлкендермен қарым-қатынас орнату тәжірибесі болып қана қоймай, болашақта мектеп мұғалімдерімен де тез тіл табысып кетуіне көмегін тигізеді. Бала анасынан басқа да тыңдау және бағыну керек үлкендер барын білетін болады.  

5) Интеллектуалды дамуға мүмкіндік. 
Сурет салу, жабыстыру, тіл дамыту, музыкалық жаттығулар, дене шынықтыру және басқа да сабақтар баланың дамуына көмектеседі. 

6) Өз қатарластарымен қарым-қатынас .
Балалар алаңынадағы басқа балалармен бірге ойнау балабақшада педагогтың қадағалауымен өтетін қарым-қатынастай бола алмайтынын ескеріңіз.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған