Бала темпераментін анықтауға арналған тест

Төмендегі сұрақтарға нақты жауап беру арқылы балаңыздың темпараменті қай типке жататынын (холерик, сангвиниг, флегматиг, меланхолик) анықтай аласыз.

Берілген пікірлердің ішінен балаңыздың мінезіне тән қасиеттерді белгілеңіз.
1. а) Мазасыз, күйгелек.
б) Көңілді, ақжарқын.
в) Сабырлы, байсалды.
г) Ұялшақ, қысылып – қымтырыу.

2. а) Ұстамсыз, қызба.
б) Белсенді, істе ширақ.
в) Ретті, нақты.
г) Жаңа ортада ыңғайсызданады.

3. а) Шыдамсыз.
б) Бастаған істі аяқсыз қалдырады.
в) Сақ, парасатты.
г) Жаңа адамдармен тіл табысу оны қиналдырады.

4. а) Қарым – қатынаста бірбеткей, тік мінезді.
б) Өзін асыра бағалайды.
в) Шыдамсыз.
г) Өз күшіне сенбейді.

5. а) Батыл, белсенді.
б) Жаңашыл нәрсені тез қабылдайды.
в) Көп сөйлемейді, көп сөйлегенді жек көреді.
г) Жалғыздықты ұнатады.

6. а) Бірбеткей.
б) Ықылас бейімділігі тұрақсыз.
в) Қандай жағдай болмасын аспай – саспай бір қалыпты сөйлейді.
г) Сәтсіз жағдайларда ұнжырғасы түсіп, сасқалақтайды.

7. а) Дау – дамайда тапқыр.
б) Сәтсіздік, көңілсіздікті тез жеңеді.
в) Ұстамды, шыдамды.
г) Өз ойымен отырғанды қалайды.

8. а) Тәуекелге бейім.
б) Әр түрлі жағдайларға тез бейімделеді.
в) Бастаған істі аяғына дейін бітіреді.
г) Тез шаршап қалады.

9. а) Іске анда – санда ғана араласады.
б) Кез – келген жаңа іске қызығушылықпен кіріседі.
в) Күшін бекерге жұмсамайды.
г) Тым әлсіз сөйлейді, кейде тіпті естімей қалады.

10. а) Қайтымы жылдам, секемшіл.
б) Жағымсыз нәрселерге қарсы, көңілі тез қалады.
в) Қойылған күн тәртібін ұстанады.
г) Еріксіз әңгімелесушінің мінез – құлқына бейімделеді.

11. а) Шапшаң, әсерлі, бірақ жиі тоқтап сөйлейді.
б) Жаңа іске тез кіріседі, басқа іске де араласып кетеді.
в) Шапшаңдығын басып отырады.
г) Істе шапшаңдық танытпайды.

Темпераментті анықтау тесттің кілті.
Әр нұсқаға «1» ұпай беріледі.
Мысалы, осы тесті орындау барысында .
а) – жауабының саны-6
б) -жауабының саны- 3
в)- жауабының саны- 1
г)- жауабының саны-1 болса, онда сізде а) жауабының саны көп болғандықтан сіздің тесттің жауабы  а) холерик

а- холерик
б-сангвиниг
в-флегматик
г-меланхолик

Қай нұсқаның балы көп болса, сол темперамент иесінің көрсеткіші

Холерик – қимыл – қозғалысы шапшаң, ұстамсыз, ылғи да күйіп пісуге дайын тұратын күйгелек адамдар болады. Мұндайлар істі бұрқыратып істейді, кейде қолын бір сілтеп сылқ түседі. Еті тірі, ойнақы, тынышсыз, шамданғыш, көңіл – күйі аумалы – төкпелі, жұртпен қарым – қатынаста тұрақсыз, пысық, бірақ бейқам келеді.
Сангвиниг- адамдармен тез тіл табысады, өзін көңілді ұстайды, бұл ақкөңіл қызу істің адамдары. Қысылып – қымтырылмайды, кісіге қайырымды, еті тірі, бірақ істі бастап, кейін тастап кетеді. .
Флегматик- сақ, байыпты, байсалды, ынтымақшыл келеді. Әр ісін ойлап істейді, тұрақты, бірқалыпты жүреді, орынсыз асып – саспайды. Бір істі бастаса, оны аяқсыз қалдырмайды. Мінезі ауыр, көрсеқызар емес, қимыл – қозғалыстары баяу. .
Меланхолик- темпераментіне жататындар сәл нәрсеге ренжитін, өкпелегіш, тұйық, көп сөзі жоқ, пессимист, өте баяу қозғалатын жайбасар адам. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, өте ынжық кісі «мен» деп ешқашан ұмтылмайды, өте ұялшақ, тартыншақ, жұрттан аулақ жүргенді жаны сүйеді.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған