Балаңыз сіздің сөзіңізді қалай қабылдайды?

Балалармен сөйлескенде біз олардың біздің айтқандарымызды қалай қабылдайтынына аса мән бере бермейміз. Елестету қиын бірақ біздердің(ата-аналардың) сөзіміздің үлкен күші бар. Бір ғана сөз баланы жұбатып немесе үмітін су сепкендей басуы мүмкін.

Біз баламызға…

-Абайла құлап қаласың!

-Итке жақындама қауып алады!

Баланың түсінуі…

Айналадағы барлық нәрсе қауіпті ең жақсысы ешнәрсе жасамау.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Өзіңіді өзің күт, өзіңді сақта. Ықтият бол.

Біз баламызға…

-Бол енді тездет! Асықсаңшы! Тыныш! Тоқта! Жауап бер!

Баланың түсінуі…

Сен маңызды емессің. Үлкендердің айтқаны ғана болуы тиіс.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Менің 10 минут уақытым ғана бар еді. Саған қанша уақыт керек?(Келісуге тырысыңыз)

Біз баламызға…

-Бұртыйма! Айқайлама! Күлме! Жылама!

Баланың түсінуі…

Сен өз сезіміңді көрсетпе.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Мүмкін сен шаршаған шығарсың. Сен бір нәрседен қорықтың ба?(Баланың сезімдерін түсінуге тырысыңыз)

Біз баламызға…

-Қанша мәрте қайталауға болады(түсіндіруге)

Баланың түсінуі…

Сен ақымақсың, еш нәрсе түсінбейсің.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Сенің қолыңнан барлығы келеді, тағы бір қайталап көр. Егер қаласаң көмектесіп жіберемін.

Біз баламызға…

-Ұялмайсың ба!

Баланың түсінуі…

Сен жамансың , сенде бір нәрсе дұрыс емес.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Барлығымыз қателесеміз. Қателік жасау арқылы біз үйренеміз.

Біз баламызға…

-Көрсей жұрттың баласын қандай ?

Баланың түсінуі…

Сен басқа балалардан қарағанда жамансың.

Сіз басқаша айтыңыз…

Біз сені қандайсың сол күйіңде жақсы көреміз.

Дереккөз: erketai.org

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған