Балаңыздың туылған уақыты нені білдіреді?

Сәбиіңіз дүние есігін аша салысымен сіз оның қандай адам болып өсетінін, мінез-құлқы қандай боларын ойлай бастайсыз. Астрологтардың айтуы бойынша баланың тұлға болып қалыптасуына оның дүниеге келген уақыты да әсер ететін көрінеді. 

 23:00 мен 1:00 аралығы «Егеуқұйрық сағаты» болып саналады, бұл уақытта ақылды және байқағыштар туылады. 

1:00 мен  3:00 аралығы – «Өгіз сағаты».  Бұл уақыт аралығында туылған балалар сабырлы әрі ұстамды. 

3:00 мен 5:00 аралығы – «Жолбарыс уақыты». Бұл уақытта  дүниеге келген адамдар ақкөңіл және мейірімді болып келеді. Шешім шығаруға келгенде сабырлылық танытады, бірақ соңғы уақытқа келгенде дұрыс шешім қабылдай біледі.  

5:00 мен 7:00 аралығы – «Мысық сағаты».  Бұл сағатта туылғандардың ерекшеліктері – әділділік, мейірімділік, қайырымдылық. 

7:00 мен 9:00 аралығы – «Айдаһар сағаты».  Астрологтар осы уақытта туылғандарды шешім қабылдай алатын, күшті адамдар деп санайды.  Олар ақша жинай алады. 

9:00 мен 11:00 аралығы– «Жылан сағаты». Данышпан, ерекше қабілетке ие адамдар дүниеге келеді.  

11:00 мен 13:00 аралығы – «Жылқы сағаты».  жылдам қозғалатын, күш-қуаты мол, ақылдылығымен ерекшеленетін жандар. 

13:00 мен 15:00 аралығы – «Ешкі сағаты». Бұл уақытта дүниеге келген балалар басқалардан шыдамдылығымен, әділеттілігімен ерекшеленеді. 

15:00 мен 17:00 аралығы – «Мешін сағаты».  жылдам оянатын, басқалармен тез тіл табыса алатын, пысық жандар туылады.

17:00 мен 19:00  аралығы – «Әтеш сағаты».  Бұл уақытта ұйымдастырушылық қабілеті бар, ұқыпты жандар дүниеге келеді. 

19:00 мен  21:00 аралығы – «Ит сағаты».  Бұндай адамдардың ерекшеліктері: адалдық, достыққа берік, жинақы жандар.

21:00 мне 23:00 аралығы – «Қабан сағаты». Шыдамды әрі қайырымды жандар өмірге келеді.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған