Баладағы қызғаныш

БАЛАДАҒЫ ЫЗА МЕН ҚЫЗҒАНЫШ – ДӘРМЕНСІЗДІКТІҢ КӨРІНІСІ
Кішкене бала өз сезімдерін сөзбен айтып жеткізе алмайды: сондықтан да, ата-аналар оның көңіл-күйін түсіну үшін жүзіндегі құбылыстарды оқи білуге үйренуі тиіс.

Аналардың барлығы әрқашан балала­рының жүзіндегі құбылыстарды өздері ойлағандай жете оқи алады дегенге күмә­нім бар. Үнемі үй шаруасымен болатын олар балалардың сезім күйлеріне қажетті деңгейде көңіл бөле бермейді, сәбидің наразылығы мен ренішінің себептерін анықтауға тырыспайды.

Токио университетінің профессоры, балалар психологиясының маманы Тошио Ямашита бөбектер мазасыз­дығының мынадай себептерін бөліп көрсетеді:

1) Сырқаттан болатын физикалық мазасыз­дық;

2) қарны ашу неме­се шаршаудан;

3) қорқудан не­месе жайсыз жағ­дайдан кейінгі қатты қобалжудан;

4)физикалық жаттығулардың жетімсіздігінен пайда­ла­ныл­маған қуаттың қордаланып қалуынан;

5) бөбектің өз қалағанын істетуге көн­діруге тырысушылығынан;

6) ашуланшақ ата-аналарына елік­теуші­ліктен;

Бұл тізімдегі жағ­дай­лардан байқай­тыны­мыз, балалардың  ыза­қорлығының себептерін оның айналасы мен тәрбиесінен іздеген жөн. Егер де сіз ашу-ызаның себебін іздеу­дің орнына оған дүрсе қоя беріп, ұрса бас­тасаңыз  немесе мүлде мән бер­мей қойса­ңыз, ол бала­ны өзім­шіл­дік пен қа­са­рыс­қан қырсықтыққа итермелейді.

Ата-аналардың барлығына өз балала­рының сезімтал көңіл-күйін тамаша түсінетін сияқты көрінеді, ал бала болса, олардың өзін жете түсінбейтіндігіне сенімді, бұл оны ызаландырады. Ата-аналарға баланың еркелігі мен орынды талаптарын ажырата білуге көмектесетіндей мықты мінез керек, мұндай мықты мінездің кемшілігі сонда, ол бала мінезін бұзады.

Бала көңіліндегі қызғаныш шамамен бір жарым жаста оянады. Ол бөбектің інісінің  немесе сіңлісінің дүниеге келуімен де байланысты болуы мүмкін, бұл, әсіресе, отбасындағы тұңғыш балаға тиісті: ол осы уақытқа дейін жалғыз болған кезде ата-аналары өзіне ғана тиесілі болатын. Мұндай бала өзара әңгімелесіп отырған әкесі мен шешесін бір-бірінен қызғануы да мүмкін, мұндай мінезді әрқашан қияңқы еркелік ретінде қабылдауға болмайды.

Қысқартып айтқанда, баланың кез-келген мінез-құлқының  міндетті  түрде өзіндік себебі болады.

Дереккөз: «Алматы ақшамы»  газеті

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған