Балалардың тіс қайрауы

  Ұйықтағанда тіс қайрау дегеніміз не? Неге тістерімізді қайраймыз? Бұл мәселені қалай емдеуге болады? Тіс қайрау, көбінесе психологиялық себептерден (нерв, стресс) туындайтын ауру, оған немқұрайлы қарамау керек… Дәрігерлердің айтуынша әсіресе түн ұйқысында жиіленген тіс қайрау, күнделікті өмір және өмір сүру сапасына келеңсіз әсер етпеуі үшін оны емдеу қажет.

????????????????????????????????

Тіс қайрау дегеніміз не?
Бұл жайсыздық ұйқы кезінде тістерді қысу, тістерді қайрау және жақты қысудан туындайды. Халық арасында тіс қайрау деп аталады. Бұл қалыпты жағдай емес. Түн ұйқысында жиі кездесетін бұл жәйт, кейбір адамдарда өмірдегі түрлі себептерге байланысты күндіз де ортаға шығуы мүмкін. Көпшілік бұл жайсыздықты байқамайды. Көптеген адамдар жақындарының айтқандарынан кейін ғана біледі. Тіс қайрау қауіпті жағдай болуымен қатар құлаққа да өте жағымсыз болып келеді. Қалыпты жағдайда мұндай дыбыстарды шығару мүмкін емес.
Ең негізгі себебі: стресс
Тіс қайрау, тістер арасындағы тығыз байланыстың бұзылуынан туындауы мүмкін. Бірақ бұл жиі кездесетін жағдай емес. Жалпы бұл жайсыздыққа күнделікті өмірде басымызға келетін материалды және рухани проблемалардың адамға әсер етуімен пайда болған психологиялық қысым себеп болады. Өйткені көптеген адамдар қалаған, талпынған өмір сүру деңгейіне жете алмағандықтан бұл ызаларын іштеріне жұтады. Осылайша түн ұйқысында бұл тіс қайрау ретінде көрініс табады.
“Тіс қайраудың” тістерге зияны
• Тістердің шайнау бетінде тозулар пайда болады.
• Тіс эмалінде пайда болған жайсыздық тістердің қысқаруына себеп болады.
• Тістерде суыққа сезімталдық пайда болады.
• Кенеттен тіс сыздаулары.
• Тіс пен жақтың арасындағы байланыстарда әлсіздік пайда болып, тістердің босауына немесе тістердің түсуіне себеп болады.
• Тістердің сынуы және қызыл иектің ашылуына себеп болады.
Емдеу әдістері
Тіс қайрау себебімен пайда болған жайсыздықтың алдын алу мақсатымен “түнгі қорғаушылар” деп аталатын арнайы селиконнан жасалған тіске киілетін тілімше қолдануға болады. Көбінесе пайдалы болған бұл тілімшелер кейбір адамдарға емделу барысында жеткіліксіз болуы мүкін. Сондықтан адамның жайсыздығының деңгейіне байланысты қосымша бұлшық ет жұмсартушылар, психологиялық терапия әдістері, кем тістердің орнына протез қойылуы және де дұрыс жасалмаған пломба мен қаптау бар болса бұларды жаңартуға болады.

Дереккөз: www.balalaralemi.kz

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған