Баланың салған суреті нені білдіреді?

Баланың салған суретінен көп нәрсені аңғаруға болады.

 Баланың салған суретіне қарап, оның әлемді қалай танитынын, қалай көріп, қандай ой түйетінін және отбасындағы жағдайды, сонымен қатар баланың ойлау қабілеті қай деңгейде дамып жатқандығын аңғара аласыз.
 Сонымен ештеңе түсіндіріп айтпастан, балаға өзінің отбасы туралы сурет салуын сұраңыз. Ол не салатынын өзі шешсін. Сіз бағыт-бағдар бермей тек бақылаңыз.
Бұл жаттығуды бес жастағы балалардан бастап пайдалануға болады.
Бала қандай сурет салады екен? 
Егер: .
♦ бейнелерді көлемді, ірі етіп салса, ол еркелеу болғаны;
♦ керісінше, бейнелерді өте кішкентай етіп салса(үйде ең кішкентай бала ол болмаса да) онда үлкендер өзін елемейтінін білген, бірақ бұл сурет үлкенлерге «мен әлі кішкентаймын» дегенді ұқтырғысы келген болуы да ғажап емес;
♦әке-шешесінен, ата-әжесінен не басқа туыстарынан өзін алыстау етіп салса, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейтін болғаны, ол өзін басқаларға қарағанда еркіндеу сезінбейді;
♦ өзін әкесі мен анасының қақ ортасында салса және бәрі бір-бірімен қол ұстасып тұратын болса, онда отбасында татулық, достық бар. Кейде бала үй-ішінде осындай жағдайды қалап салуы да мүмкін(егер отбасында ұрыс-керіс жиі орын алатын болса).
♦отбасының әр мүшесін әр бөлмеде бір-бірінен алшақ салса, сіз балаңызбен уақытты аз өткізуіңіз мүмкін, отбасы мүшелері, әркім өз бетінше өмір сүрулері мүмкін. Отбасында ұйымшылдық аздау болуы мүмкін. Сол туралы ойлануға тура келеді.

Баланың салған суретін басқа қырынан да қарауға болады. Егер:

♦ отбасы мүшелерінің қасына ойыншықтарын, жан-жануарларды, әлі дүниеге келмеген іні-қарындасын салатын болса немесе өмірде жоқ ата-әжесін салса – бұл балаға айналасындағылардан бөлек бір нәрсе жетіспейді, ол бірдеңені іздейді немесе жалғызсырайды;
 Жоғарыдағы мысалдар баланың ішкі жан дүниесімен жүз пайыз дәл келеді деп көңіліңізге секем алып қалмаңыз, бұл бар болғаны болжам ғана, тұспалдап қана келуі мүмкін

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған