Бес сезім

Көру. Көз – ең басты сезім мүшесі. Адам басқа тіршілік иелеріне қарағанда көп түстерді ажыратады жəне оларды жақсырақ көреді. Əр көз алмасының жалпақтығы 2.5 см-ге тең, ол камера сияқты жұмыс істейтін ақ желімнен құралады. Жарық саңылауға – көздің қарашығына түседі де, көздің жанарымен көз торына шоғырланады, ол көздің артқы жағына орналасқан жарыққа сезімтал клеткалардың қабатын құрайды. Осы клеткалар жарықтың күші мен қуатын анықтайды, олар сондай-ақ миға сигналдар жібереді, сол сигналдар көмегімен біз көретін нəрсенің бейнесі жасалады.

Есту. Есту мүшесі -құлақ. Ол ауадан көзге көрінбейтін дірілдер, яғни дыбысты ұстауға қабілеттілік. Құлақ сыртының айрықша пішіні дыбысты ұстайды жəне осы дыбыстың қайдан шыққанын анықтауға көмектеседі. Дыбыс жұқа арна арқылы ортаңғы құлаққа өтеді, мұнда құлақтың ішіндегі кішкентай дабыл жарғақтары мен титімдей тұтқашалар сыртқы құлақтың сұйығына ауаның дірілін береді. Содан кейін жүйке жасушалары сигналдары миға жібереді.

Иіс сезу. Мұрын ауадағы түрлі иістер мен хош иістердің молекулаларын сезу қабілеті. Бұл сезім біз ойлағаннан маңыздырақ. Тамақтың дəмі іс жүзінде оның дəміне емес, ал тамақтың иісіне көбірек байланысты болады. Кез келген адам əркелкі 4000 иісті ажырата алады, ал түйсік сезімі дамыған адам 10 000 иіске дейін айыра біледі. Иістердің молекулалары əр танауда орналасқан нейрондар тобымен ажыратылып, танылады. Иіс молекуласы тиісті нейронға тобымен ажыратылып, танылады. Иіс молекуласы тиісті нейронға əсер еткен кезде ол миға сигнал береді.

Дəм сезу. Ауыздағы түрлі компоненттерді ажырата білу қабілеті. Біз тамақты шайнаған кезде осы компоненттер біздің сілекейімізде ериді де, олар дəм бүршіктеріне əсер етеді, олардың үлкен бөлігі тілде орналасқан. Тəтті, тұзды, ащы жəне қышқыл – əркелкі бөліктеріне орналасқан. Дəм бүршіктері де сондай-ақ химиялық құрауыш – глутаматты ажырата алады, ол тамақты дəмді етеді

 Тері түйсігі. Оның рецепторлары адамның өн бойында орналасқан. Олар əртүрлі, яғни қан қысымы мен тербеліс сияқты əртүрлі түйсікке жауап береді. Ол қозғалыспен де байланысты. Біз саусақтардың, еріндердің көмегі арқылы заттарды белсенді түрде зерттейміз.

Ал, 6-шы сезімді білесіз бе?

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған