Бойларымыз қанша екен?

Үшеуіміз белсеніп:

«Биыл қанша өсіппіз?»

Бойымызды өлшедік,

«Білейікші» – десіп біз

 

Мені бойым

Жүз жиырма

Сантиметр болып тұр.

Біраз өскем биыл да,

Көңілім соған толып тұр.

 

Былтыр бойым

Жүз он бес

Сантиметр көрсеткен.

Жай емес ол біз сенбес,

Екеуіне өлшеткем.

 

Тікірейіп тұрып тым

Бойды өлшеген кезінде

Он сантиметр биік-тын

Былтыр ағам өзімнен.

 

Бой өлшеген кезінде

Қанша екенін көретін.

Былтыр інім өзімнен

Үш сантиметр төмен-тін

 

Бес сантиметр биікке

Өсіпті ағам бүгінде.

Өскен

Алдық біліп те

Төрт сантиметр інім де.

 

Жүйрік болса ойлары,

Есептейді мұны кім?

Қанша еді бойлары

Былтыр

Ағам мен інімнің?

 

Жүйрік болса ойлары

Есептейді мұны кім?

Биыл қанша бойлары

Ағам менен інімнің?

 

Ескен Елубаев

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған