БУДАПЕШТЕГІ ЕРЕКШЕ ЕСКЕРТКІШ

Бұл – әлемдегі цифрге арналған жалғыз ескерткіш. Оның өзінде «0» санына арналған. Неге басқа санға емес?

«Судағы қалада» – Будапеште орналасқан бұл ескерткіштің ерекше ештеңесі жоқ. Тұғыр­ға «0» цифры қондырылған, астына «км» деп жа­зылған. Болғаны осы.

Болғанда белгі ғана. 0 шақырымдық белгі. Таратып айтсақ…

Еуропаның он мемлекетінің жерін басып өтетін, 2850 шақырымға созылып жатқан Дунай өзенінің ұзындығы осы жерден бас­тап есептеледі. Басқа өзендер бастаудан өлшенсе, жалғыз Дунай ғана тармақтарынан өлшенеді. Өйткені, оның ұзындығы осы жерде тұйықталады.

Венгриядағы қашықтық өлшемдерінің бар­лығы осы 0-ден бастап есептеледі.

Ал, бізде қалаішілік қашықтық Бас поштамттан бастап өлшенеді.

Маржан терген

Төрехан МАЙБАС.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған