Cарша-тамыз келгенде…

  1. Бұл айда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы (10. 08.1845) дүниеге келген. 2015 жылы кемеңгер ақынның 170 жылдығы аталып өтті.

2. Қазақ елінің шекарасы тұңғыш рет ресми түрде 1920 жылы 26 тамызда бекіген. «Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жария болып, Алаш ардақтылары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Уәлитхан Танашев, Мұхтар Әуезовтер қазақтың хатқа түскен тұңғыш шекарасын нақтылаған құжатты бекіттірген.

  1. Бұл айда өнер шебері, қазақ би өнерінің ханшайымы Шара Жиенқұлова (18.08.1912) дүние есігін ашқан. 1936 жылы Мәскеуде өткізілген Қазақ әдебиеті және өнерінің онкүндік мәдени шарасына қатысып, әлемді ұлттық би өнерімен таң қалдырды. «Айжан қыз», «Қара жорға», «Тәттімбет», «Қырық қыз» секілді билерді дүниеге әкелді.
  1. 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні.1991 жылы 29 тамызда «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойылды. Елбасы Н. Назарбаев ядролық державалар басшыларын қарусыз әлемге шақырған алғашқы тұлға боп танылды.
  1. 15 тамыз – аса көрнекті сазгер, ән өнерінің әйгілі майталманы Шәмші Қалдаяқов өмірге келген күн. Қазақ эстрадасының негізін салған композитордың «Менің Қазақстаным» туындысы – 2005 жылдан бері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны болып бекітілді.
  1. Тамызда Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды. Мемлекет негізінің іргетасы атанған Ата Заң – еліміздің тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі. Тәуелсіз елдің ертеңіне әрі түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруіне дәнекер.
  1. Ата-бабаларымыз бұл айды «сарша тамыз» атаған. Сары сарша –  жердің құрғап, өсімдіктердің сарғайып, егіннің пісетін кезі дегенді білдіреді. Тамызда қатты ыстықтан кейін сарша «Үркер» туады. Бұл – үркердің толғағы деп аталады. Айдың ортасында ауа-райы салқын тартып, күз нышанын білдіреді.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған