Анаға сыйлаймыз

Көктемде көңілді Құстар кеп жатқанда, Құлпыртып өңірді, Гүл ектік бақтаған.   Гүл ектік аулаға, Көктемде көңілді Бақта да, бауда да Ақ гүлдер өрілді.   Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймын. Той күні бір-бірден Анаға сыйлаймын.

8 – наурыз мерекесіне арналған өлеңдер жинағы

Мерейлі сәт мерекеге ұласып, Сегізінші наурыз келді қыр асып. Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы- Көктемімнің шапағатын тұр шашып.   Құттықтаймыз аналарды, қыздарды, Мерекеден шуақты бір із қалды. Болсын әркез көтеріңкі көңілдер, Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!   Дүниеде ең кемеңгер дананы, Ана табады, аялайды бағады. Сол үшінде құдіретіңе бас иіп, Құрметтейік қасиетті – ананы   *** […]

Қазақстан

Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған. Бұл далаға жылап келіп уанғам, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Мемлекеттік тіл

Әркім тілін сүйеді, Қадірлейміз бұны біз. Қазақ тілі киелі –  Мемлекеттік тіліміз.   Қазына бар бұл тілде Анам айтқан жыр-әнін. Жоғалуы мүмкін бе Өлмейтұғын мұраның?!   Өшпейді еш уақытта Ата-баба аңсары: Қазақ тілі бақытқа Жеткізеді баршаны.  

Отан

Қырқасын гүл көмкерген Отанымның от демі. Менің байтақ өлкемнен Көркем өлке жоқ, тегі!   Көкке шалқып мұнайы Қол созады ол ғарышқа Ұл-қыздары ұдайы Көз тігеді алысқа.   Атады әрбір таң күліп, Шашып алтын шапағын. Жер бетінде мәңгілік Жасайды ұлы Отаным

Ақылды арыстан

Ертеде бір аш қасқыр жортып жүріп байқамай суға түсіп кетіпті. Ары тырмысып, бері тырмысып шыға алмаған соң, ақыры амалсыз «құтқарыңдар» деп бар дауысымен айғайлапты. Дәл сол кезде сол маңнан бір бұғының бұзауы өтіп бара жатқан екен. Соны көзі шалған қасқыр «құтқара көр» деп жалбарыныпты. Қасқырды көрген ақкөңіл бұзау мойнын бұрып, «құтқарса, мені жеп қоясың ғой» […]

Менмендіктің кесірі

Айқын өте тәкаппар, өзімшіл бала болатын. Әкесі қайтыс болғалы бері, тіпті, ешкіммен араласпайтын болды. Ол өз ауласында үнемі жалғыз ойнайтын. Көршілерінің тұрмыс жағдайы төмен болатын. Сондықтан ол үйдің балаларымен ойнауды өзіне ар санайтын еді.  Бір күні көрші үйдің қызы Еркежан жүгіріп келді, де әкесінің қатты ауырып жатқанын, сондықтан Айқынды көргісі келетінін айтты. Ал Айқын болса, […]

Кішкентай көрші

        Бұл кішкентай қыз біздің көршіміздің қолына жақында ғана келді.Сонда да ол осы маңайдағы тұрғындардың бәрімен көптен таныс, сыр мінез адамдай етене боп, араласып кетті. Оны бала да,үлкен де жақсы көреді. Демалыс күні бала біткеннің бәрі соның төңірегінен шықпайды. Оның білмейтін ойыны,таппайтын өнері жоқ: сан алуан ойыншықтар жасайды, қағаздан сан алуан кестелер ояды. […]

Ал, санаңдар!

Ал, санаңдар, санаңдар, Бізде қанша адам бар? Алдымда: Атам, әжем, Алдымда: Әкем, анам. Білмесеңдер, біліңдер, Тағы саусақ бүгіндер. Алдыма: әпкем, көкем, «Аман жүрсін інім», – дер. Өзім барамын, інім бар. Кіп – кішкентай күнім бар. Қанша болдық бәріміз? Шұнақ құлақ бес ешкі, Қос лақты қос ешкі, Төрт қозылы екі қой Бәрі нешеу, айта ғой? (Он […]

Саңырауқұлақтар астында

Бір күні құмырсқа жаңбыр астында қалды. Қайда тығылуға болады? Қараса, алқапта кіп-кішкентай саңырауқұлақ өсіп тұр екен. Жүгіріп барып саңырауқұлақтың әдемі қалпақшасының астына тығылды. Жауын сіркіреп жауып тұр. Бір кезде қанаттары суланып, әрең ұшып Көбелек келеді: — Құмырсқа, Құмырсқа! Үстім су болды, ұша алмаймын. Саңырауқұлақтың астына мен де тығылайыншы! — Мен сені қайда кіргіземін?! Өзім де әрең сиып […]