Ақылды арыстан

Ертеде бір аш қасқыр жортып жүріп байқамай суға түсіп кетіпті. Ары тырмысып, бері тырмысып шыға алмаған соң, ақыры амалсыз «құтқарыңдар» деп бар дауысымен айғайлапты. Дәл сол кезде сол маңнан бір бұғының бұзауы өтіп бара жатқан екен. Соны көзі шалған қасқыр «құтқара көр» деп жалбарыныпты. Қасқырды көрген ақкөңіл бұзау мойнын бұрып, «құтқарса, мені жеп қоясың ғой» […]

Саңырауқұлақтар астында

Бір күні құмырсқа жаңбыр астында қалды. Қайда тығылуға болады? Қараса, алқапта кіп-кішкентай саңырауқұлақ өсіп тұр екен. Жүгіріп барып саңырауқұлақтың әдемі қалпақшасының астына тығылды. Жауын сіркіреп жауып тұр. Бір кезде қанаттары суланып, әрең ұшып Көбелек келеді: — Құмырсқа, Құмырсқа! Үстім су болды, ұша алмаймын. Саңырауқұлақтың астына мен де тығылайыншы! — Мен сені қайда кіргіземін?! Өзім де әрең сиып […]

Жыл басы кім болады?

Қазақтың есептерінде жылдан үлкен мүшел деген бар. Мүшел – он екі жыл болады. Сол жылдардың аттары әр жануардың аттарына ұқсайды. Мысалы: әуелі жыл мүшелде тышқан, екінші – сиыр, онан соң барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит һәм доңыз. Бұрынғыдан қалған сөздер бойынша сол жануарлар жыл басы болуға дауласыпты. Сонда жылқы айтыпты: «Мен […]

Есектің тәубесі

   Бұрынғы заманда кедей су тасушы өмір сүріпті. Ол өте мұқтаж адам болған екен. Су тасып, оны сатып, жанын сақтап қалатындай нан тауып, әйелі мен балаларының қарнын тойдырып жүріпті. Кедей су тасушының есегі болыпты. Есегі де әлсіз, арық еді. Су тасушы күн сайын бірнеше бөшкені суға толтырып, есегіне артып, үй-үйді жағалап, су сататын. Бейшара есек […]

Қара тас та жарай береді

Ертеде бір байдың ат басындай алтыны бопты. Сараң бай алтынды бала-шағасының игілігіне жұмсауға қимапты. Ол ауық-ауық жасырынып барып, алтынның бар-жоғын тексеріп тұрады.Жүрегі орнына түскен соң алтынды киізге орап, қайта көміп, үйіне оралады.  Бір күні баласы жасырынып барып, әкесінің алтынын көріп қояды. Ертеңіне баласы қазынаны қазып алып, зергерге сатып, ақшасына медресе салдырып, жалпы жұрттың игілігіне жұмсап […]

Тамшы

 Әкесі әлемнің мұхиттары мен теңіздері, анасы көк аспандағы қара бұлт кішкентай Тамшы бүгін қатты қуанышты. Өйткені, ол алғаш рет жерге түспекші. Биіктен қарағанда жер өте әдемі екен. Жап-жасыл бір әлем. Әдемі қызғалдақтар мен сарғалдақтар, раушан гүлдер мен қоңыраугүлдер, жасыл тал-теректер мен жайқалған көк шалғын. Осының бәрі Тамшыға беймәлім бір әлемдей көрінді. Жерге түссе қуанышқа бөленетіндей.  […]

Қорқынышын жеңген кішкентай қасқыр

   Қалың орманда алаңқайдың шетінде құлаған ағаш жатты. Ағаштың тамырының астында інге кіретін жол бар еді. Бұл кең, жайлы ін болатын: еденге жылы және жұмсақ болу үшін сабан төселген, ал тамырлар мен топырақтан жасалған төбесі жаңбырдан қорғайтын. Бұл інде үлкен және азулы Әке-Қасқыр, Ана-Қасқыр (ол да күшті және азулы болатын, бірақ денесі күйеуінен кішкентай еді) […]

Құйыршық

Ерте-ерте ертеде. Ешкі құйрығы келтеде. Байбурыл деген шал бопты. Кедейліктен ақылы дал бопты. Бес ешкісі бар екен, бәрі де оның сары екен. Шал бес ешкісін бағыпты, кемпірі ешкі түбітін биялай жасап, жұртқа жағыпты. Азықтары ешкінің лағы екен, балалары жоқ екен, әйтеуір айран-шалапқа тоқ екен. Бір күні құла дүз, құба жонға бес ешкі лағып кетіпті. Бұл […]

Тоғыз теңге болса да берші

Қожекең бір күні түс көреді. Түсінде тәжді қоразы бар екен дейді. Алдына бір кісі келіп: –    Қожа, қоразыңызды сатасыз ба? – деп сұрайды. –    Ақшаны көп берсең сатамын, – дейді. –    Кәне, қаншаға бересіз? – дейді кісі. –    Он екі теңге бер. –    Жеті теңге берейін. –    Жоқ. – […]

Алтын бала

Барабаншының әйелі шіркеуде болып, әр түрлі сурет және ағаштан жасалған бұйымдармен безендірілген жаңа альтарьға сұқтана, қарады. Олар көздің жауын алардай еді. Басын айналдыра зерлеген кенеп матадағы суреттер де, ағаштан жонылған, сосын боялып, алтын жалатқан бұйымдар да, шынында да, көз қызығарлықтай болатын. Суреттегі адамдардың шаштары күн сәулесімен шағылысып, алтындай сан құбылып, соншалық ғажап болып көрінді. Ал […]