Менмендіктің кесірі

Айқын өте тәкаппар, өзімшіл бала болатын. Әкесі қайтыс болғалы бері, тіпті, ешкіммен араласпайтын болды. Ол өз ауласында үнемі жалғыз ойнайтын. Көршілерінің тұрмыс жағдайы төмен болатын. Сондықтан ол үйдің балаларымен ойнауды өзіне ар санайтын еді.  Бір күні көрші үйдің қызы Еркежан жүгіріп келді, де әкесінің қатты ауырып жатқанын, сондықтан Айқынды көргісі келетінін айтты. Ал Айқын болса, […]

Кішкентай көрші

        Бұл кішкентай қыз біздің көршіміздің қолына жақында ғана келді.Сонда да ол осы маңайдағы тұрғындардың бәрімен көптен таныс, сыр мінез адамдай етене боп, араласып кетті. Оны бала да,үлкен де жақсы көреді. Демалыс күні бала біткеннің бәрі соның төңірегінен шықпайды. Оның білмейтін ойыны,таппайтын өнері жоқ: сан алуан ойыншықтар жасайды, қағаздан сан алуан кестелер ояды. […]

Қара бауыр

Алатау… Алатаудың асқар-асқар асуынан арғы бетке асырсам, алдарыңнан аңғары ұлы өзен кезігеді. Аңғардың екі жағы қап-қара үңгір, меңіреу құз көресің. Құздың аспанға өрлеген басы ақшонақ шоқы, мәңгілік мұз көресің. Өзен арнасы тамылжыған тоғай. Балақ-балағы, түбек-түбегі жыныс, жақпар-жақпар жартасқа көзің сүрінеді. Сол жақпарға үңіле қараңыз, ол көрінгеннің барлығы да тұтас тас емес. Оның бірсыпырасы жанды тастар. […]

Құдайға телефон соққан бала

Киімі мұнтаздай таза келген жігіт ағасы қалта телефонымен әлдекіммен сөйлесіп келе жатып, бейтаныс ауланың маңына аялдаған еді, сол арада ойнап жүрген балалардың бірі мұны көре сала «ағатайлап» қасына жетіп келді. — Аға, сіздің телефоныңыз «айфон» ба?!. — Иә, солай… — Артында жарты алманың суреті бар ғой, дә?!. — Бар екен… — Онда маған «айфоныңызды» бере […]

Әке мен бала

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: – Анау тағаны, балам, ала жүр, – деп. Бала әкесіне: – Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, – деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі […]

Тортай мінер ақбоз ат

Біздің ауыл Салықсалғанның иығында отырған. Шілденің дәл ортасы болса да, бұл жерде қоңыр салқын, бұлтсыз күндері тамылжыған тамаша мезгіл басталушы еді. Не ыстық емес, не суық емес жайлаудың жайма-шуақ сәтінде, төбеңнен көкпеңбек болып төңкеріліп тұрар аспанға қарағайдың бүршігін лақтырып ойнайсың. Қанша құласаң ауырсынбайтын, канша құласаң жапырылмайтын күлтеленген күреңсе балапан табанымызға кілемдей жұмсақ тиюші еді-ау.   […]

Қайыр болып қайтқан садақа

   Бұл көпті көрген қария еді. Соғыс жылдары оның басына әртүрлі қиындықтар түсіп, көп нәрседен айырылды. Әйелі көз жұмды. Баласынан ешқандай хат-хабар ала алмады. Соғыстан денсаулығы нашарлап, әлсіреп қайтқандықтан, өзіне ыңғайлы жұмыс табу да қиынға соқты. Сондықтан қарапайым ғана бір отбасында малшы болып қызмет атқарды.     Бір күні мал бағып жүрген ол жолдың жиегінен қалаға […]

Қысқы ауылда

…Біз үйге кіріп келгенде, сары самаурынды ортаға алып, төрт-бес кісі шайға бас қойып жатыр екен. Ат жақты келген, шүңірек көзді қара кемпір күпісін жамылып, ыстық шайға нанды малшып жеп отыр. Екі жас жігіт жалаң бастанып, терлеп-тепшіп шайды ұрттап жатыр. Екі келіншектің біреуі шай құйып отыр, біреуі жас балаға сүт ішкізіп отыр… — Кеш жарық… Бәрі […]

Бұлтқа ғашық болған бала

Бала атқа қонған бойы құлдырай шапты. Жаздың жылы самалын семсердей жарып, жүйткiп келе жатқан жұлындай жалғыз аттыға жалпақ даладағы жота, адыр, төбе, дөңдер дүрлiгiсе көз тiгiп, таңырқана таңдай қағысып, көз ұшында дөңгеленiп қалып жатыр. Дала төсiн дүбiрге толтырып ағып келе жатқан ар-ғымақ үстiндегi жас жiгiттiң дабысынан босып жүрген борсық, түлкi, қасқыр, қарсақтар даламен жалын жүйткiп […]

Арзан пәтердің сыры

Осыған дейін мен қағазға түсірген уақиғаларда, мейлі ұрлық жайлы болсын, мейлі кісі өліміне байланысты болсын, Пуароның әрекеті ең алдымен негізгі айғақты тексеруден басталып, шегіне жеткенше тарқатылып, жүйелі желімен өрбитін. Ал әңгіме еткелі отырған мына жағдай бәрінен ерекшелеу. Мұнда уақиғалар тізбегі ең әуелі Пуароның назарына іліккен қарапайым ұсақ-түйектерден өрбіп, адамның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін небір сорақы […]