Қазақстан

Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған. Бұл далаға жылап келіп уанғам, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Мемлекеттік тіл

Әркім тілін сүйеді, Қадірлейміз бұны біз. Қазақ тілі киелі –  Мемлекеттік тіліміз.   Қазына бар бұл тілде Анам айтқан жыр-әнін. Жоғалуы мүмкін бе Өлмейтұғын мұраның?!   Өшпейді еш уақытта Ата-баба аңсары: Қазақ тілі бақытқа Жеткізеді баршаны.  

Отан

Қырқасын гүл көмкерген Отанымның от демі. Менің байтақ өлкемнен Көркем өлке жоқ, тегі!   Көкке шалқып мұнайы Қол созады ол ғарышқа Ұл-қыздары ұдайы Көз тігеді алысқа.   Атады әрбір таң күліп, Шашып алтын шапағын. Жер бетінде мәңгілік Жасайды ұлы Отаным

Ал, санаңдар!

Ал, санаңдар, санаңдар, Бізде қанша адам бар? Алдымда: Атам, әжем, Алдымда: Әкем, анам. Білмесеңдер, біліңдер, Тағы саусақ бүгіндер. Алдыма: әпкем, көкем, «Аман жүрсін інім», – дер. Өзім барамын, інім бар. Кіп – кішкентай күнім бар. Қанша болдық бәріміз? Шұнақ құлақ бес ешкі, Қос лақты қос ешкі, Төрт қозылы екі қой Бәрі нешеу, айта ғой? (Он […]

Ақ әжем

Барымсың ғой, байлығым да аппақ әжем, Әлпештеген, еркелеткен және әжем. Қошақаным, құлыным деп аймалайтын. Ертегі айтып, ән салып мәпелеген. Әжем менің ақ әжем күлімдеген. Күлкісімен бар маңды жарық еткен. Үлкені де кішісі де ауылдың, Сыйлап сізді «ақ әже» деп атап кеткем.   Жансерік НҰРЛАНБЕКОВ, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 4 «Г» сынып оқушысы. ШЕТ ауданы.

Бойларымыз қанша екен?

Үшеуіміз белсеніп: «Биыл қанша өсіппіз?» Бойымызды өлшедік, «Білейікші» – десіп біз   Мені бойым Жүз жиырма Сантиметр болып тұр. Біраз өскем биыл да, Көңілім соған толып тұр.   Былтыр бойым Жүз он бес Сантиметр көрсеткен. Жай емес ол біз сенбес, Екеуіне өлшеткем.   Тікірейіп тұрып тым Бойды өлшеген кезінде Он сантиметр биік-тын Былтыр ағам өзімнен. […]

Желтоқсан

Желтоқсанда жастарым,  Аяз қарып тәніңді . Намысы үшін қазақтың , Құрбан еттің жаныңды . Сол бір суық желтоқсанда , Бозторғай жаны шырылдап . Қатерге тігіп бастарын ,  Алаңға шықты жастарым. Желтоқсанның жаңғырығы ,  Жүрегімді тілгіледі. Батыр Қайрат ,Лаззаттардың,  Қаны бекер төгілмепті . Желтоқсанның батырлары ,  Әдемі өмір сыйлады . Енді міне , Қазақстан ,  Мемлекеттің […]

Тәуелсіздік

Әнұраным шырқалып өз тілімде, Көк байрағым желбіреп тұр көгімде. Халқымыздың арманы сан ғасырлық Қазақстан – тәуелсіз ел бүгінде! Қайтпас қайсар халқымнан айналайын, Туған жердей жерұйық қайда, ағайын? Тәуелсізбіз, сол үшін мақтанамыз, Бар мақсатым – соған шын сай болайын! Еркін елмін, көрінем биіктерден, Ырыздығын құдайым үйіп берген. Қазақ халқы барады болашаққа Ай маңдайы жарқырап сүйікті ермен! […]

Қыста

Тағы да қыс түсті де, Тон жамылды қырқалар. Қайың, терек үстіне Қона қалды ұлпа қар.   Адырға бар, жарға бар, Алыпты қар бүркеніп. Қарға, қарға, қарғалар Қар үстінде жүр тоңып.   Көрінбейді бетеге, Көрінбейді ай, тегі. Үйге кіріп кете ме, Мына боран қайтеді?   Ауланы тез күрейік, Аққаланы үйейік. Есігінен қораның Кіре алмасын бораның.

ЖАН ДАЛА – ЖӘННАТ ДАЛА

Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да, Аяулым, алтын бесік, қара орманым да. Бір нәрсе жетпейді деу қате болар Өзіңдей ұлан байтақ далам барында. Гүл дала – Қазақстаным. Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп, Сен барда басылмайды жез таңдайымда от. Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп. Ән дала – Қазақстаным. Сен […]