Иттің достығы

Бір байдың Төрткөз, Мойнақ төбеттері,  Өздері, ит болса да, әдепті еді. Түнде үріп, күндіз үрмей, жай жатататын Болады әдепті иттің әдеттері. Түс мезгіл екі төбет тойып жатып, Кемпір наз-өкпелерін қойып жатып, Ас үйдің алдындағы күн шуақта Сөйлесті әр нәрсенің басын шатып. Сөз қылды жақсылықты, жамандықты, Жомарттық, мырзалық пен сараңдықты. Достықтың, дұшпандықтың жайын сөйлеп, Қолға алды […]

Аққу, шортан һәм шаян

Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,  Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін. Тартады Аққу көкке, Шаян кейін, Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін. Бұлардың машақаты аз болмады, Жұмысы орнына кеп мәз болмады. Тартса да бар күштерін аямай-ақ, Аслан жүк орнынан қозғалмады. Оншама ол жүк артық ауыр емес, Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес. Жүк бірақ әлі […]

Арыстан, киік һәм түлкі

Бар еді бір зеңгір тау асқан биік,  Әр түрлі мекен еткен аңдар сүйіп. Жол шеккен тамақ іздеп аш Арыстан Сол таудың арасынан қуды Киік. Жақындап жүрді Арыстан жетемін деп, Ойлайды түстік тамақ етемін деп. Келеді Киік жылап бір Құдайға, Қайткенде мұнан аман кетемін деп. Жыласаң шын зарығып бір Құдайға, Ойлама қалады деп зарың жайға. Жанынан […]

Ала қойлар (И.А.Крыловтан)

Бір таудағы хайуанды бір арыстан  Билеген патшасы екен әуел бастан.  Әділ атақ алмақшы ниеті бар,  Ешкімді ауыртпастан, жылатпастан.  Онысы рас, басында тәуір болған,  Сөйтсе де кімді бұзбас бақ антұрған.  Алдынан жан шықпаған патшамыздың  Ала қойды көргенде көзі ауырған.  Ала қойда кінә жоқ жүннен басқа,  Қойдан қашып шығыпты патша тасқа.  Көрсе қаза тұрады аза бойы,  Болмады […]

Шал мен ажал

Орманнан бір шал қайтты отын алып, Бүкшеңдеп, көтере алмай, өліп-талып. Отынын жерге қойып, біразырақ Қисайып жатты байғұс ойға қалып: «Мен сорлы өрі кәрі, әрі жарлы, Асырау оңай емес үйлі жанды. Қартайдым, жалданарға қайратым жоқ, Бермеді тұтынарлық Құдай малды. Бұл маған не қылғаның, Жаратқаным, Бір шалға үйлі жанды қаратқаның? Төлермін салық ақша қайдан тауып, Қажетім бірін […]

Өгіз бен бақа

Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді, Жағалап суаты бар жерге келді. Шілденің сарша тамыз ыстық кезі, Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді. Су ішіп, көлдің шықты жағасына, Мал еді көз тоятын қарасына. Артықша бір көлбақа күншіл екен Сол көлдің бақасының арасында. Өгізді суға тойған Бақа көрді, Секіріп көршісіне жетіп келді. «Боламын мен де сонау Өгіздей», […]

Аңдарға келген індет

Алланың рахметі мол, қаһары қатты,  Қарғады дерт жіберіп хайуанатты. Қырылып у жегендей түрлі аңдар, Әр жерде төбе-төбе болып жатты. Шошынып хайуандар келген дерттен, Біле алмай не қыларын, есі кеткен. Далада, үйде, қырда, орман, тауда Сау қалған жер болмады бұл індеттен. Түзеліп аң біткеннің құлықтары, Кәсібі, өзгеріліп ғұрыптары, Зорлықтың, зомбылықтың бәрін тастап, Тимеді нашарына ұлықтары. Жоғалды […]

Айна мен маймыл

Айнаның қарсы алдына Маймыл барып,  Айнада өз суретін көре салып, Аюға жанындағы күліп айтты, Ақырын аяғымен түртіп қалып: «Бері қара! Бұ кім өзі мынау перің? Білмеймін қайдан шыққан мұндай көрім? Он екі мүшесінің бірі оңды емес, Көз салып қарап тұрсам әрбір жерін. Мен бұған титтей ғана ұқсас болсам, Ішіме пышақ салып өлер едім. Ол рас […]