Болашақты бірге жасаймыз

Сонау ерте заманда, бүгінгі қазақ елінде, Жаңаарқа атты жерінде ақылдың символы ретінде көкті сұнқар, таланттың тұмары болып жерді тұлпар, білімді кітап, байлықтың бастауы болып жерді інжу басқарыпты. Күндердің күнінде бірі ақылына, бірі талантына енді бірі біліміне және байлығына мастанған төртеуінің рухы биіктеп, бойларына желік бітіп, әрқайсысы өз мекендерін тастап, ел кезіп кетіпті. Сұңқар ұшса қанаты […]

Тәуелсіздік нұры

Тәуелсіздік жырың, Тәуелсіздік нұрың. Құтты болсын, ағайын, Тәуелсіздік күні. Тәуелсізбіз, азатпыз, Міне, қандай ғажаппыз. Қадірін оның білетін, Өр мінезді қазақпыз! Арайлым КӨЖЕК, О.Әлібаев атындағы мектептің 3-сынып оқушысы.

Көп жақсылық күтеміз

Кел, жаңа жыл, Тәуелсіз еліме, Жылдан жылға қарсы аламыз сені де. Жаңару мен жаңғыруды ала кеп, Бақыт сыйла мәңгілік мынау еліме. Тауық жылы берекелі жыл болды, Елімізде игі істер көп болды. Абыроймен ЭКСПО-ны аяқтап, Әлем тарих сахнасында із қалды. Ұлт бірлігін паш еттік біз әлемге, Айшықтадық орнымызды әлемде. Тірліктен де артық қойған бірлікті, Мәңгілік ел […]

Егер мен «ПРЕЗИДЕНТ»болсам…

Мен үшін ең үлгілі адам – Нұрсұлтан ата. Өзіне де, ұлтына да сөз келтірмейді. Елбасымыз ырысты еңбектен, игілікті ісінен іздеген адам. Қазақстандай дамыған мемлекеттің көшбасшысы болуды әр бала армандайды ғой. Менің арманым Нұрсұлтан атадай Президент болу. «Арман алдамайды, мақсат адастырмайды» дегендей мен сабағымды жақсы оқып, арманыма жетсем деп ойлаймын. Егер мен Президент болсам елбасымыз Нұрсұлтан […]

Бейбіт күн жасасын!

Батырларым намыс бермей айқасқан, Ата-бабам қанын төгіп шайқасқан. Тәуелсіз күн, бейбіт өмір сыйлаған, Ардагер аталарға мың алғыс! Жеңіс күнін қарсы аламыз бәріміз, Жеңіс берген тоғызыншы мамырды. Аталарға мың алғыс айтамыз біз, Қуанышқа бөлеген балаларды.   Дильназ ЖАҢБЫРБАЕВА, Көкпекті орта мектебінің 3 «А» сынып оқушысы. БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

Жамал апай – жақсы адам

Менің қоршаған ортам – достар, туыстар, мұғалімдер, отбасым. Мен бәрін жақсы көремін. Бұл кісілердің мен үшін орны ерекше. Достарымнан үлгі, туыстарымнан қайрат, отбасымнан тәрбие, мұғалімдерімнен білім аламын. Осы адамдар арқылы өмірге деген құштарлығымды, талпынысымды оятамын. Жамал мұғалімнің арқасында әр қадамымды нық басып, сауатымды аштым. Осының барлығы мен үшін қоршаған ортаның әсері. Мен осы адамдардың арқасында […]

Сүйкімді қозы

Енесінен айрылған қозы тамақ іздейді екен. Мейірімсіз болатын көрінеді. Жазда ауылға бардық. Нағашымның қойында бір жетім қозы бар екен. Оны қолдан, арнайы емізікпен сүт беріп, тамақтандыратынын көрдім. Бір күні тәтемнен сүтті сұрап алып, мен бердім. Қозы тамаққа тойды да, маған «рахмет» дегісі келіп, елжірей қарады. Сол ауылдан қайтқанша оған мен сүт беріп жүрдім. Ол да […]

Көкек қалай «безбүйрек ана» атанды!

Ерте, ерте, ерте де қыс аяқталуға аз қалған уақытта көкек балапан басыпты. Ол жұмыртқаларын жақсы көріп күнде айналып толғанады екен. Көкектің ұясына жақын жерде қарға деген құс тұрыпты. Ол сондай өзімшіл, ұрысқақ және аррам пиғылды екен. Ол күнде көкектің жұмыртқаларын айналып толғанатының көре алмапты. Бір күні күн жадырап көктем келеді. Айнала нұрға бөленіп шыға келеді. […]

Адам өмірінде достықтың алатын орны

«Достық дегеніміз не?» – деген сұраққа адамдар әр түрлі жауап береді. Достық туралы көптеген мақал, әңгіме, нақыл сөздер, ертегілер бар.      Достық дегеніміз – бұл өте терең, күрделі, көп мағыналы ұғымдардың бірі. Балабақшаға барғаннан бері достарымыз да пайда болды. Бір балалар болса мектепке келіп дос тапты. Кішкентай кезімізде досымызбен бірге қуанып, ренжісіп қалған кездерді есімізге […]

Жердің табиғи серігі неге «Ай» деп аталған?

2015 жылдың астрономиялық ақпаратына орай, Күн жүйесінде ресми тіркелген 146 ғаламшар серігі бар. Одан бөлек, ғылыми тұрғыдан әзірге нақты дәлелденбеген 27 табиғи серік табылған. Бір қызығы, ғаламшар серіктері әр түрлі атауға ие болған. Атап айтқанда, Каллисто, Титан Еуропа немесе Прометей сынды Шекспир кейіпкерлері мен көне грек мифологиясындағы құдайлар есімі берілген. Ал жердің табиғи серігі жай ғана […]