Дәрумендермен дос бол

Қиярдың құрамында адам ағзасына қажетті B1, B2, B3, B5, B6, С дәрумендері, фолий қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий мен мырыш бар. Қиярдағы күкірт шаштың түсуінен сақтандырып, тістің, тырнақтың жағдайын жақсартады.

Қызанақ сұрыптарында 24 пайдалы химиялық элемент бар. Ғалымдар қызанақ шырыны жүрек тамырлары мен қан айналым жұмысын жақсартатынын айтады.

Жүрек ауруын емдеу кезінде жеуге ұсынылатын басты жемістердің бірі – алма. Тәулігіне 300-400 грамм алма жеу – қан қысымының қалыпты болуына жағдай жасап, артық салмақтан арылтады.

Жүзім мен оның шырынын ішу – жүрек бұлшық етінің қызметін жақсартып, қанды көбейтеді. Қан қысымы көтерілуінің алдын алатын дәрумендерге де бай.

Алмұрт – суық тию, өкпе және қан тамыр аурулары кезінде көмектеседі. Алмұрттың бірқатар сорттары йодқа бай.

Әзірлеген: 

Жәнібек САНАҚБАЙ,

Батық орта мектебінің 5 сынып оқушысы.

ШЕТ ауданы.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған