Ең алғашқы хайуанаттар бағы қандай болған?

Шамамен үш мың жыл бұрын қытай императоры жануарлар коллекциясын жинақтап, оны  «білуге құмарлар саябағы» деп атады.

Император олардың қалай өмір сүретінін біліп үйрену үшін жан-жануарларды тірі күйінде ұстады. Сондықтан болар, бұны алғашқы хайуанаттар бағы деп атауға болады. Біздің қазіргі хайуанаттар бағы деп жүргеніміз – жабайы жануарлар, құстар, бауырымен жорғалаушылар орналасқан  шектеулі аумақ, Хайуанаттар бағына келушілер  оларды бақылай алады, ал ғалымдар танып – біліп, зерттейді.  

Көп уақыттан бері жануарларды үйде ұстау дәстүрге айналған.  Қанша уақыт өтті, ауылдар мен қалалар үлкейді, бірақ кейбір адамдар әлі өз аумақтарында жануарларды шектеуші аумақта  ұстауын жалғастырып келеді. 

Осылайша, олардың иесі аңшылыққа шыққысы келгенде жануарлар қол жетімді жерде болды.  Жануарлардың трюктарын көріп көңіл көтеру үшін  оларды үйрете бастады. Сонымен қатар атақ және өзінің байлықтарымен мақтану үшін жабайы жануарларды қолда ұстады.  

 IX ғасырда алғаш рет қоғамдық хайуанаттар бағы пайда болды. Соңғы 700-800 жылдар ішінде үлкен қалаларда хайуанаттар бағы көптеп салына бастады. Әлемнің ең үлкен деген хайуанаттар бағына АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан Диетодағы хайуанаттар  бағы,  Англиядағы Лондон хайуанаттар бағы және Германиядағы Берлин хайуанаттар бағы жатады. 

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған