Еңбегі ерен Елбасы

Әр елдің өз басшысы болады. Мысалы «Отан – отбасынан басталады» дегендей, отбасында әкелерімізді тыңдап, соның ақылын тыңдаймыз. Сол сияқты мемлекетті де көшбасшы басқарады. Ол көшбасшы өте білімді, ақылды, мәдениетті, тіл табысқыш болуы керек.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасымыз осындай қасиеттерге ие адам. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – өзінің еңбек жолын металлург болып бастаған. Металлург болғанда да жай емес, оқыған сауатты металлург болған. Мектепте де үздік оқып, спортта да алдыңғы қатардан көрінген. Жұмысшыдан бастап, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті болды. Ал, оның барлығы білімді болғаннан. Біз, балалар арманың қандай десе, Президент болам дейміз. Ал, Президент болу оңай емес. Маған әкем ылғи айтады, ел басқару үшін еліңнің тарихын, салтын, мәдениетін, ата-бабаларың, жерің туралы барлығын білу керек. Көп оқу керек, адамдармен тату болу керек деп. Біздің Қазақстанда қаншама ұлттар тату, дос болып өмір сүруде. Барлығының жұмысы, үйі, тамағы, көліктері бар. Біздер тегін оқимыз. Басқа шет елдердегі балалардың жағдайын ғаламтордан көргенде өте аянышты. Олар өздігінен білім алып, біздер сияқты ештеңеден қорықпай ата-анасымен демала алмай жүр. Біздің Астанамызға қаншама елдерден келіп адамдар қызығады, аға-әпкелеріміз жақсы білім алып, үлкен компанияларда жұмыс істеп жүр. Олимпиадаларда, жарыстарда, конкурстарда Қазақстан жүлделер алуда. Көптеген жетістіктерге жетіп жүрген біздің еліміз мықты ел. Барлығы Елбасымыздың арқасы. Нұрсұлтан Әбішұлы өте мейірімді, қайырымды. Теледидардан көргенде түрі сондай жылы, ылғи елін ойлап, балаларға жақсы жағдай жасалсын деп күндіз-түні жұмыс жасады.Біздің аталарымыз кезінде ешкімге жаулатпай, бізге аманат еткен қаншама байтақ жеріміз бар. Осы жерде бақытты өмір сүріп жатырмыз. Нұрсұлтан Назарбаев сол аталарымыздың жолын жалғастырып, елін алға қарай жетеледі. Қазір еліміздің президенті ауысқанмен тұңғыш Елбасымыздың жасаған еңбегі ұмытылмайды. Өз Қазақстанымды мақтан етемін және қуанамын. Болашақта жақсы білім алып, елім үшін жұмыс істеп, менде Нұрсұлтан атамдай ел тарихында қалғым келеді.

Елі үшін қуанып, елі үшін жаралған,

Халқым аман болсын деп,

Күндіз-түні ойланған.

Аман болсын, Елбасы,

Күн нұрынан жаралған!

Мекентай Әбілмансұр

Қарағанды қаласы № 92 гимназия 6 сынып оқушысы

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған