Ең зауықты іс

Ең зауықты іс – Аспанға ұшу

 


Адамдар армандарына жетуі үшін нелерді басынан өткізбеді? Соның бірі – ұшу. Адамдар аспанға ұшу үшін көптеген тәжірибелерді жасады. Оның кейбіреулері сәтсіз аяқталса, кейбіреулері сәтті аяқталып, тарихта аты қалған ғалымдар да болды.
Ұшу дегеніміз не?
Ұшу – салмағы ауадан да ауыр заттың белгілі бір биіктікте ауада қалықтап тұруы және ауада әрекет етуі болып табылады. Әрбір заттың өзіне тән белгілі бір салмағы болады. Көзімізге көрінбейтін ауаның да өзіндік салмағы бар.
Ауа
Көзімізбен анық көре алмасақ та ауаның бар екендігін сезіне аламыз. Егер де қолымызды бетімізге қарай желпісек, жүзімізге салқын самал жел соғады. Міне осы самал жел – ауа болып табылады. Олай болса бір заттың ауаға көтерілуі үшін оның салмағы ауадан да жеңіл болуы керек екен.
Көкке алғаш самғау
Ұшуды сәтті аяқтаған алғашқы құрал – ұшақ емес, шар болып табылады. Ол біз білетін кішкентай үрленетін шар емес. Оның астында асылып тұратын кәрзеңке сияқты заты бар, ішіне адамдар мініп, көкке көтеріліп саяхат ететін үлкен әуе шары болып табылады.
Ағайындылардың өнері
Адам баласының ала алмайтын қамалы жоқ, демекші француздық ағайынды Монгольфьерлер «Бір заттың ауаға көтерілуі үшін ауадан да жеңіл болуы керек»,- деген қағиданы ескере отырып, ыстық ауаның суық ауадан да жеңіл екеніне сүйене отырып, шарды ойлап тапты.
Көкке сапар
Ағайынды Монгольфьерлер жібек шарды ыстық ауамен үрлеу арқылы, оның аспанға ұшқанын байқайды. Сөйтіп, бірталай тәжірибелер жасап, ең алғаш 1783 жылы 5 маусымда ыстық ауалы шарды көкке ұшыра бастайды. Бұл шар адам баласы ұшырған ең алғаш көлік болып, 2.5 км қашықтықты ұшып өтеді.
Әуе шары неден тұрады?
Өртенбейтін матадан, негізгі корпусы: жолаушылар мінетін кәрзеңкеден және ауаны қыздыруға арналған жанармайдан тұрады.
Жұмыс істеу қағидасы
Өте қарапайым! Шардың іші ыстық ауаға толтырылып, ауа қызған кезде аспанға көтеріледі. Негізгі корпустың төбесінде орналасқан және «парашют қақпасы» деп аталатын тесік арқылы шардың ішіндегі ауаны бақылап тұруға болады. Шарға ыстық ауа беретін механизмді және тесікті ашып-жауып тұратын жіптерді басқару арқылы шардың жерге қонуы мен аспанға көтерілуін қамтамасыз етуге болады.
Сонымен…
Шарды көтеру қажет болған жағдайда от беретін механизмді іске қосатын жіп тартылады. От шардың ішіндағы ауаны қыздырғанда шар көтеріле бастайды. Егер шарды төменге түсіру қажет болса, төбесіндегі тесікті ашып-жабатын жіптің көмегімен тесік ашылып, ыстық ауаның сыртқа шығуына мүмкіндік беріледі. Шардың ішіндегі ауа суи бастағанда шар өздігінен төмендей бастайды.
Бұл да саяхат па?
Шар тек төменге түсіп, жоғарыға көтерілетін ғана болса, шармен қалай саяхаттауға болады? Әрине оған желдің бағыты керек.
Желдің ықпалы
Шарға бағыт-бағдар беретін ол – жел. Жел атмосфераның әртүрлі бөлігінде әр түрлі бағытта соғады. Шарды басқарушы адам көтеріліп, түскен сайын жүретін бағытына қарай желдің ырғағын анықтауға тырысады. Алайда кәсіпқой адамның өзіне де үлкен шарды басқару оңайлыққа соқпайды. Өйткені жел күтпеген бағыттан соғуы мүмкін. Сондықтан шарды ұшырғаннан бастап қонғанға дейін сыртынан машинамен бақылап жүрген сенімді болады.
Қазіргі таңда әуе тарихында ең қарапайым ұшу жолын ұшақтар алуда. Олай болса ұшақтар туралы жалпы мәліметті алдағы уақытта білетін боласыздар.

Дереккөз: www.balalaralemi.kz

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған