Егер балаңыз ас ішуден бас тартса…

Көпшілік ата-аналар балаларын тамақтандыру үшін көптеген әдіс-тәсілдерді қолданып жатады: тамақты қасықтап ауызына тосады, тамақ ішер кезде кітап оқып береді, мультсериал қосады, үстелге ойыншықтар қояды, тамақ ішсе, мадақтайды немесе жазалайды. 
Бірақ кей балалар сонда да тамақтан бас тартады. Неге? 

Бала тәбеті оның қарнының ашып тұрғанына ғана байланысты емес, сонымен қатар өзін сол уақытта қалай сезініп тұр және көңіл – күйі қалай, соған да байланысты. Егер бала бірдеңге қапалы болса немесе ата-анасымен ренжісіп қалса да ас ішуден бас  тартуы мүмкін. Тіпті белгілі бір ойынға беріліп ойнап отырса, немесе дайындалған тамақты дәмсіз деп санауы да себепкер болады. 

Бұндай жағдайда не істейсіз?
1) Бала алдына салып берген тамақтың барлығын тауысып жеуіне күштемеу керек.

2) Әдетте бас тартатын тағамды күшпен берудің қажеті жоқ. Мына әдісті қолданып көріңіз: «Сенің котлетті жақсы көрмейтініңді білемін…» деген сөзбен, балаңыздан басқаларға салып шығыңыз. Бірнеше күн қайталаңыз. Аз уақытта бұл жағдай баланы ойландыруы мүмкін. 

3) Еркелеп отырған баланы тамақтандыруға тырыспаңыз. 

4) Тамақ ішуді ойынға айналдырудың қажеті жоқ. 

5) Мүмкіндігіне қарай үстелге барлық отбасы мүшелерімен бірге отырғызыңыз. Адам көп болған сайын жақсы. 

6) Дастарханды әдемі етіп дайындау. ас ішу барысында тек қана жақсы әңгімелер айту, баламен сөйлесу. 

7) Тамақтанып отырған адамдардың ешқайсысы телефон, планшет, теледидар қолданғабағанын қадағалаңыз! Бала үлкендердің жасағанын қайталайтынын естен шығармаңыз. 

8) Тамақтану кезінде балаңызға ешқашан мультсериал қосып бермеңіз. 

9) Баламен бірдей тамақ жеуге тырысыңыз. Сіз шұжық жеп, ал балағыз ботқа жеп отырғаны әбестік болар. 

Егер сіз осы ережелерді ұстанар болсаңыз, бала да оған ақырындап үйренісе бастайды. Және балаңызда ас ішу тәртібі пайда болады. 

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған