Егер мен «ПРЕЗИДЕНТ»болсам…

Мен үшін ең үлгілі адам – Нұрсұлтан ата. Өзіне де, ұлтына да сөз келтірмейді. Елбасымыз ырысты еңбектен, игілікті ісінен іздеген адам.

Қазақстандай дамыған мемлекеттің көшбасшысы болуды әр бала армандайды ғой. Менің арманым Нұрсұлтан атадай Президент болу. «Арман алдамайды, мақсат адастырмайды» дегендей мен сабағымды жақсы оқып, арманыма жетсем деп ойлаймын. Егер мен Президент болсам елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы атамыздың сара жолын жалғастырып, еліміздің ғұмыры ұзақ болуы үшін қолымнан келгенін аямас едім.

Ең алдымен тілдің мәртебесін, екіншіден ұстаздар мәртебесін көтерер едім. Себебі, тіл мен дінін жоғалтқан халық тамырынан айырылған ағаш сияқты ғұмыры қысқа болады. Екінші мәселе «Ұстаз – ұлы есім» болғандықтан, ұстаздың мәртебесін көтеру керек деп ойлаймын. Себебі ғалым да, ақын да, атақты адамдар да осы ұстаздардың алдынан шыққан. Ұстаздың еңбегі ерекше. Сондықтан ұстаздың еңбегін бағалап, жалақысын көтеру керек. Мүмкін емес нәрсе жоқ деп ойлаймын. Ең бастысы әр қазақтың жүрегі «Мен -қазақпын» деп соқса, еліміз бұзылмас қамалға айналады.

Айым МЕРЕКЕҚЫЗЫ,

№21 орта мектептің 4-сынып оқушысы.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған