Елдер арасындағы ерекше шекаралар

Мемлекеттік шекара – көбінесе бақайшағына дейін қаруланған шекарашылар, жаттықтырылған овчаркалар, тікенді сым және қатаң паспорттық бақылау. Алайда , көптеген елдер арасындағы шекара – тек символикалық сызық. Ол сызық жаяужолды немесе соқпақ жолды бөлуі мүмкін.

Германия — Чехия

Германия мен Чехия арасындағы айбынды шекара. Көрінісінің өзі тамаша!

Швеция — Финляндия

Швеция мен Финляндия арасындағы шекарада гольф ойнауыңызға болады.

Канада — АҚШ

АҚШ-пен Канада арасындағы шекара Дерби Лайн қалашығы арқылы өтеді – тура ғимараттың ішінен.

Непал — Қытай

Непал мен Қытай арасындағы шекара Эверест арқылы өтеді.

Польша — Украина

Польша мен Украина арасындағы үлкен балықтар екі ел арасындағы шартталған шекараның символы.  Үлкен балықтардың авторы  поляк суретшісі – Ярослав Козяра.

Норвегия — Швеция

Норвегия мен Швеция шекарасындағы еңіс

Аргентина — Бразилия — Парагвай

Сол жақта — Аргентина, оң жақта— Бразилия, ортада — Парагвай.

Бразилия — Уругвай

Елдер арасындағы шекара жаяужолдан өтеді. Сол жақта — Бразилия, оң жақта — Уругвай.

Бельгия — Нидерланды

Нидерландыдан кафеге кіресіз, Бельгиядан кафеден шығасыз.

Германия — Нидерланды

Германия мен Нидерланды арасындағы шекара Eurode бизнес-орталығында темір жолақ арқылы белгіленген. Пошта жәшіктері шекараның екі жағында орналасқанмен хаттар бір аптадан кейін келеді.

Ресей-АҚШ

Бұл Ресей мен АҚШ арасындағы арал. Чукоткадан да, Аляскадан да арал 35 км қашықтықта орналасқан. Бірақ осыған қарамастан уақыт айырмашылығы 21 сағат.

Қытай — Монғолия

Қытай мен Монғолия арасындағы шекарада ерекше ешнәрсе жоқ. Тек қана сүйісіп тұрған динозаврлар.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған