Иттен асқан иісшіл бола ма?

Адамдар арасында парфюмерлердің мұрны иісшіл келеді. Тәжірибелі парфюмер мыңнан астам хощ иісті ажырата алады. Ал жан-жануарлар арасында ше? Әрине, «Иттен асқан иісшіл мақұлық жоқ болар» деп ойлайтын шығарсыңдар. Шын мәнінде бұл ұйғарым қате. Табиғатта иіс сезу қабілеті иттікінен әлдеқайда жақсы дамыған жан-жануарлар жетерлік. Солардың бірі – акула. Жыртқыш балық телегей теңізге тамған бір тамшы қанның иісін бірнеше шақырым қашықтықтан сезеді. Дегенмен, иісшілдердің арасындағы чемпион кәдімгі жындыкөбелек болып шықты. Жындыкөбелектін денесінен феролон деген ерекше химиялық зат бөлінеді. Міне, сол заттың иісін олар 11 шақырым қашықтықтан сезеді екен.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған