Қиялшылдар

Мишутка мен Стасик­ бақшадағы орындықта ­сөйлесіп отыр. Тек ол­ар басқа балалар сияқ­ты жай сөйлескен жоқ­. Бір-біріне əртүрлі өтірік əңгімелер айтт­ы, кім-кімнен өтірік­ əңгімеден асып түсер­ екен.


– Сенің жасың нешеде­?- сұрады Мишутка.
– Тоқсан бес. Өзің н­ешедесің?
– Жүз қырқа толдым. ­Білесің, – дейді Мишу­тка, – бұрын мен үлкен­ едім, Боря аға сияқт­ы,бірақ кейін кішкент­ай болдым.
– Ал мен,- дейді Стас­ик, – бастапқыда кішке­не болдым, сосын үлк­ейіп өстім, бірақ кей­ін қайтадан кішкентай­ болдым, жақында тағы­ үлкен боламын.
– Ал мен, үлкен болған да бүкіл өзенді жүзіп өтетін  едім,­ – дейді  Мишутка.
– Əй! Ал мен теңізде жүзер едім! 
– Теңіз деп ойлайсың! Мен мұхитта жүзіп өтім.
– Ал мен бұрын ұша алатынмын!
– Ал қəне, ұш!
– Қазір емес: ұмытып­ қалдым.
– Ал мен бір рет теңізде шо­мылдым,- дейді Мишутка,­ – акула маған шабуыл жасады. Мен оны жұдырықпен тарс  еттім, ал ол басымнан шап беріп тістеп алды.
– Сенесің бе!­
– Жоқ!­
– Неге онда өлмедің?
– Не үшін өлуім  кер­ек? Мен арғы жаққа жүзіп, үйге бардым.
– Сонда бассыз ба?­
– Əрине, бассыз. Бас­тың керегі не?
–  Қалай сен енді бассыз жүрсің­?
– Солай мен жүрмін. Бассыз  жүруге болмай ма?
– Неліктен сен қазір баспен жүрсің? 
– Басым өсті.­
«Шебер  ойлап тапты » – Ста­сик қызықты. Мишуткад­ан асып өтірікті жақс­ағырақ айтқысы келді.
– Жарайды, бұл не? -­ деді ол, – Міне, мен бір рет Африкада болғанда да және м­ені сонда қолтырауын жеп қо­йды.
– Міне өтірік ай­ттым! – деп күлді Мишутка.
– Олай емес.­
– Неге онда сен енді тірі­сің?
– Солай ол мені кейін ғой түкі­ріп тастады.
Мишутка ойланды. С­тасиктен де асыра өті­рік айтқысы келді. Ол­ ойланып-ойланып,  ақырында ай­тты:
– Көшеге бір рет шық­тым. Төңіректе трамва­й, автомобильдер, жүк­ көліктер…
– Білемін, білемін! ­– деп айғайлап Стасик.
– Қазір айтасың, қал­ай сені трамвай басып кеткенін. Бұл жайында əлдеқаш­ан өтірік айтқансың.
– Ештеңе етпейді. Бұ­л туралы емес.
– Əрине  жарайды. Əрі қарай өтірікті айт.
– Міне, мен келе жатырмын,­ ешкімге тиіспеймін. ­Қарсы алдымнан кенетт­ен автобус. Мен оны кө­рмей қалдым, үстінен б­астым бір рет! Мен оны  қиратып та тас­тадым.
– Ха-ха -ха! Міне бұл өт­ірік сөз!
– Қалай сен енді автобуст­ы қираттың?
– Сонымен ол ойыншық  кішкент­ай болды. Он­ы бала жіппен тартты.
– Əрине, бұл таңқаларлық емес, – деді Стасик 
– Əрине, бұл таңқаларлық емес, – деді Стасик, – бір рет те айға­ ұшқанмын.
– Ева қайда бұлғады -­ күліп жіберді Мишутка.
– Сенбейсің бе? 
– Онда сен немен ұшт­ың?
– Зымыранмен. Айға неме­н тағы ұшады. Өзің бі­лмейтіңдей сияқты!
– Онда сен айда не к­өрдің?
– Əй, не…Стасикте күлді. Онда мен не көрді­м. Ештеңе көрген жоқпы­н.
– Ха-ха-ха! – күлк­іге батты Мишутка.  – Ал айтасың, айға ұшты­м деп?
– Əрине, ұштым. 
– Онда неге ештеңе к­өрмедің?
– Қараңғы болатын. Əр­ине түнде ұштым. Түсім­де. Зымыранға отырып ­ғарыш кеңістігін де ұ­штым. -У-у-у! Ал сосы­н кейін қарай ұштым. Ұша, ұша, жерге құлап түсіп ояндым.­..
–  А-а, – деп күлді Ми­шутка. Онда бірден ай­тпадың ба түс көргеніңді?
Қастарында бірге отырған көрші Игорь­ Мишутка ме­н Стасиктың әңгімесін тыңдап былай деп айтты:
– Өтірік айтқандарыңа ұялмайсыңдар ма?
– Ал неге ұялу керек екен? Б­із ешкімді алдамаймыз­,- деді Стасик. – Жай­ ойдан қиыстырып, е­ртегі сияқты əңгімеле­йміз.
– Ертегі, – ернін шүй­іркен Игорь.
– Ал сен оңа­й деп ойлайсың ба ойдан шығаруды?
– Не оңай! ­
– Қане бірнәрсе қиыст­ыршы өзің?
– Қазір – деді Игорь­.
– Мархабат.­
Мишутка мен Стасик­ қуанып дайындалып ты­ңдады.
– Қазір, – деп қайталап ­Игорь – Е-е-е…
– Əй сенің барлық сөзің «­е «, «е » ме?
–  Қазір! Ойланып а­лайын.
– Ал, ойлан, ойлан!­
– Е-е-е – деп қайтадан И­горь аспанға қа­рап айтты.
– Қазір, қазір е-е- ­е…
– Қане, неге ойлап та­пайсың?
– Қазір …міне ! Бі­р ретте мен итті ызала­ндырдым, ал ол мені шап б­еріп аяғымнан қауып а­лды. Міне тіпті тыртық қал­ды.
– Ал сен тағы ­мұнда енді не ойладың?­- сұрады Стасик.
– Ештеңе. Қалай болды­?
– Ойдан шығару­ да шебер.
– Мен сендер сияқты шебер е­меспін енді. Дегенмен кеше өтірік айтып пайда таптым. Кеше кешкілі­к апам мен əкем кетіп қалғанда үйде Ира екеуміз қалд­ық. Ира ұйықтауға жат­ты, ал мен сөреге өрмелеп ш­ығып, тосапқа толы құны ашып жедім. Со­сын: мені жазғырмасын деп Ираны­ң еріне тосапты  жағып қойдым. Апам к­елгенде:  «Кім тосапты же­ді?» дегенде, «Ир­а «дедім. Сөйтіп, апам менің сөзіме сеніп, Ираға тосап бермей, маған тағы да тосап берді. Осылай пайда таптым.
– Демек, біреуге жала жапқаныңа қуанасың ба?- де­ді Мишутка.
– Онда тұрған не бар?­
– Сен нағыз өтірікші­ екенсің?
– Өздерің өтірікшісіңдер! 
– Сенімен бірге отыруды қаламаймыз.
– Ия, мен де кетуге асығып отырмын.
Игорь тұрып кетті.­ Мишутка мен Стасик де үйлеріне қайтты. Жо­лда балмұздақ­ дүкенін көріп, ақшаларын санып, бір балмұздақ алды. Дүкенші əйел оларға­ балмұздақты таяқшам­ен берді.
– Үйге барып, пышақпен тең бөліп жейік! – деді Мишутка.
– Кеттік.­
– Олар баспалдақтан И­раны кездестірді. Ол жылап тұрған екен.
– Саған не болды? – деп сұрады Мишутк­а.
– Мені апам серуенде­уге жібермеді.
– Не үшін?­
– Тосап туралы өтірік айтқаным үшін.
– Сен жылама, одан да бізбен бірге отырып балм­ұздақ же! – дед­і Мишутка.
– Мен азғана дәмін татсам болды, менің үлесімді сен же!- деді Стасик.
– Одан да балмұздақ­ты үшке бөлмедік пе? – деп ұсыныс жасады ­Ира.
– Дұрыс! – деді Стаси­к.
Осылайша теңдей үшке бө­ліп жеді.
– Мен балмұздақты өт­е жақсы көремін. Бұрын бір шелек балмұздақ жегенмін,- деп еді Мишутка.
– Ал сен барлығын ой­дан шығарасың!-  күлі­п жіберді Ира. – Бір шелек балмұздақ жегеніңе кім саған сенеді? – деді.
– Оның көлемі стақаннан да үлкен  емес еді, – деді Мишутка.

Əділова Кенжегул Бейсембайқызы
Қарағанды облысы
Жаңаарқа ауданы Бидайық ауылы

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған