Үйде баламен қандай ойындар ойнауға болады?

Балалар сіздермен бірге бос уақытын өткізу үшін демалыс күндерді асыға күтетіні анық. Көптен күткен сенбі, жексенбі де келеді, ал балаңыз сіздің артыңыздан «менімен бірге ойнашы» деген өтінішін айтып қалмайды. Ал ата-аналар бала өтінішін жерге қалдырғысы келмей, барлық жұмыстарын жинап қойып, уақытын бөлері хақ. Осы кезде үйде баламен қандай ойындар ойнауға болады деген сұрақ туындайды. Әке мен шеше баланың жас ерекшелігіне сай ойын таппай қиналады. dapter.kz сайты ұжымы  ұсынған төмендегі  ойындар ата-аналарға көмек болады деген сенімдеміз.

ЖАС ЕРЕКШЕЛІККЕ САЙ ОЙЫНДАР:

1. 3 – 4 жас – есте сақтау және моториканы дамыту ойындары

2. 5 – 6 лет – қозғалыс ойындары.

3. 7 – 8 лет – қабылдауды дамытатын ойындар

4. 9 – 10 лет – интеллектуалдық ойындар

3-4 жас аралығындағы балаларға:

  • Анасымен бірге мозаикаларды құрастыру қызықты әрі пайдалы. Алдымен балаңызбен бірге ақылдаса отырып, ненің суретін құрастырғыңыз келетінін анықтап алып, кейін ойынға кірісіңіз. 
  • Баланы дамытуға конструктрмен ойындар да өте пайдалы. Бірге фантазияларыңызды елестетіп көріңіз, үй салыңыз, ол үйде кім тұратыны туралы әңгімелеп берсеңіз де болады. 
  • Шығармашылық жұмыстар және ермексазбен жасалған заттар баланың дамуына әсер етіп қана қоймай, оның ептілігін, ыждаһаттылығын арттырады. 
  • 3-4 жастағы балалар өте тез жалығады. Егер сіз балаңыздың ойын барысында шаршағанын, жалыққанын байқасаңыз, үзіліс жасаңыз. Көңілді жаттығу жасатсаңыз болады.

5-6 жастан асқан балаларға.

  • Бұл жастағы балаларға қозғалыс ойындары сай келеді. Тығылыспақ ойнауды ұсынып көріңіз.  Соқыртеке ойыны да балаға позитивті көңіл-күй сыйлары анық. 
  • 5-6жастан асқан балалар бұл кезеңде кесу, жабыстыру дегенді жақсы көреді. Балаңызбен бірге қолдан жасаған бұйымдарыңыз сіздерге қуаныш қана әкеліп қоймай, балалар бөлмесінің сәнін келтіреді. Қолдан түрлі-түсті қағаздардан ғана емес, табиғи материалдардан да заттар жасауға болады. 

7-8 жастағы балаларға: 

  • Қабылдауды дамытуға бағытталған ойындар сай. Балаңызбен бірге үстел ойындарын ойнаңыз.  
  • Егер бөлме кең болса, доппен ойнауға болады. Үйді футбол алаңына айналдырудың қажеті жоқ, «жейтін-жемейтін зат» ойынын ойнасаңыздар да болады.  
  • Балалар доминосы барлық отбасы үшін көңілді уақыт өткізу себепшісі бола алады. 

9-10 жастағы балаларға:

  • Бұл жастағы баланы қызықтыру қиын, себебі оның басқа да қызығар дүниелері пайда болады. Оның назарын үстел шахматымен аударуға болады. Ұл балалар бұл кезеңде әкесіне ұқсағылары келеді. 
  • Үйде дене шынықтырудан көңілді жарыстар ұйымдастыруға болады. Әкесі мен ұлы  кеудені жерден көтеру (отжимание) жасасын. Ал анасы санап отырсын. Бұл кезде әкесі баласынан жеңілу керек. 
  • Баламен бірге лото ойынын ойнаңыз.

Бұл ғана емес, басқа да балалар мен үлкендердің бірге ойнауына  арналған ойын түрлері жетерлік. Бастысы, барлығын бірге жасаңыз. Тіпті қарапайым бөлме жинауды да ойынға айналдыруға болады. Қиялыңызды қоссаңыз өзіңізге де балаңызға да шаттық сыйлай аласыз.  

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған