Күнделікті қолданыстағы оятқыш қалай пайда болған?

Оятқышты 1787 жылы америкалық Леви Хатчинс ойлап тапқан. Оның оятқышы күніне бір рет, таңғы сағат төртте шырылдайды екен. Хатчинс күнде бір уақытта ояну үшін ғана жаңалық ашады. Бірақ оны патенттеп, бизнес көзіне айналдыруға әрекет те етпепті.

Ең алғашқы заманауи оятқышты 1847 жылы Антуан Редье есімді инженер құрастырады. Ол бастапқыда механикалық құрылғы болған. Ал электрлі ояқыштар 1890 жылға келіп пайда болды. Қытай жазбаларына сенер болсақ, тұңғыш оятқыштың прототипі Аспан асты елінде жасалған.

Қытай оятқышы таяққа ілінген шар тәрізді темірден тұрған. Қытайлар белгілі бір уақыт межесіне шамалап ағаштың ортасынан от жағып қоятын болған. Ал ағаш темірдің салмағын көтере алмай сынған кезде, шар астында тұрған ұрып ойнайтын дыбыс аспабына түседі екен.

Нәтижеде дыбыс айналаға толық естіледі. Бұл оятқышты Қытайдағы будда дінін ұстанатындар ойлап тапқан. Олар Буддаға құлшылық ету үшін ерте тұру мақсатында аталған әдісті жүзеге асырған. Сонымен қатар, олар астрономиялық сағаттың механизмін де құрастырған екен.

Дереккөз://massaget.kz

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған