Күздің кереметі

«Күздің бір күні, қыстың бір айын асырайды» деп дұрыс айтылған. Күзде ерінбей еңбек етсең, қыста қысылмай өмір сүресің. Күз мезгілінде күн қысқарып, түн ұзаратыны бізге белгілі. Жауынның көбеюі, күннің суытуын, желдің суық ызғарынан күздің келіп қалғанын да білеміз.

Күзде күннің көзі жылулығын жер бетіне сыйлайды. Сол себептен әр адам күздің ашық күнін пайдаланып, астық жинауға кіріседі. Қоңыр күздің алғашқы күні барша балалар «Білім күні» мерекесін қуанышпен қарсы алады. Қыркүйек айында тілдер мерекесін де тасадан тыс қалдырмаймыз. Қазан айында қарттар күнін, ұстаздар мерекесін де ұмытпаймыз. Бар табиғат қыстың келуіне дайындық жасап жатса, біз тек сағынышпен күздің керемет сәттерін еске түсіреміз.

Ақбота СОВЕТ,

 Ә.Бөкейхан атындағы мектеп базасындағы Тірек мектебінің 3 «Б» сынып оқушысы.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған