Кішкентай көрші

        Бұл кішкентай қыз біздің көршіміздің қолына жақында ғана келді.Сонда да ол осы маңайдағы тұрғындардың бәрімен көптен таныс, сыр мінез адамдай етене боп, араласып кетті. Оны бала да,үлкен де жақсы көреді. Демалыс күні бала біткеннің бәрі соның төңірегінен шықпайды. Оның білмейтін ойыны,таппайтын өнері жоқ: сан алуан ойыншықтар жасайды, қағаздан сан алуан кестелер ояды.

    Жабырқау, қамығу, яки жатырқау, тосырқау дегенді білмейтін , жүрегін тек қуаныш  қана жайлаған бұл жанға қарап, еріксіз күлімсірейсің. Бойыңды әлденеден көңілді ағым билейді.

    Бұл тынымсыз жанның бір минут дамыл тапқанын көрген емеспін. Жұмысынан қайтса, пәтеріне келе салып я кесте тоқиды, я кітап оқиды немесе үй жұмысымен айналысып кетеді. Әйтеуір, қарап отыру деген онда бола бермейді және бір тамашасы сол жүрегінің бәрінде ылғи өлеңдетеді де жүреді.                  

                                                                          5а сынып оқушысы

                                                                             Құттымұрат Шапағат

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған