Кітап оқуға мүмкіндік беретін тегін бағдарламалар

Бүгінде кітаптың бағасы сіз ойлағаннан әлдеқайда қымбат. Қалаған кітабыңызды таба қою да қиын. Кейде кітапты өзіңізбен бірге алып жүретін мүмкіндік те болмайды. Осындай қиындықтардан шығудың бірден-бір жолы – электронды кітаптарды қолдану. Ол үшін қолыңызда ұялы телефоныңыз болса болғаны. 

iBooks   

Егер сіз iPhone құрылғысының қолданушысы болсаңыз, онда алдымен iBooks бағдарламасына назар аударыңыз. Apple жүйесінің өзге қосымшалары секілді, бағдарламаның дизайны қарапайым. Жарықты, мәтіннің өлшемін және фонның түсін өзгертуге болады. Ұйықтар алдында оқығанды ұнататындар үшін арнайы түнгі оқу режимі бар. Рdf және ebook форматында оқу тиімді. Кітаптардың көпшілігі ағылшын тілінде әрі бәрі тегін.  

Google Play Кітаптар

Бұл бағдарлама – Android операциялық жүйесіне арналған iBooks аналогы. Барлық жүйесі iBooks бағдарламасына сәйкес келгенмен, өзіне тән артықшылығы бар. Оны аудиокітап ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, тек ағылшын тіліндегі кітаптар ғана емес, өз тіліңіздегі кітаптарды да табуға болады. Қуана беріңіз, бұл да тегін бағдарлама.

Cool Reader

Android  және iOS жүйесін қолданушыларға арналған тағы бір тегін қосымша – Cool Reader. Google Play жүйесінде Cool Reader бағдарламасын 150 мыңнан астам қолданушы жоғары бағалады. Бағдарлама жоғарыда көрсетілген екеуіне қарағанда әлдеқайда тиімді. Біріншіден,  барлық электронды кітаптың форматын қолдана аласыз. Екіншіден, кез келген онлайн кітапханадан керекті дүниені жүктеп алуға мүмкіндік бар. 

Moon + Reader

Moon + Reader құрылысы Cool Reader қосымшасын еске түсіреді. Moon + Reader бағдарламасын құрастырушылар оқырманның көру жүйесіне де назар аударған. Оқу уақыты ұзаққа созылған жағдайда іске қосылатын арнайы сигнал бар. Google Play жүйесінде ақылы нұсқасы бар. Егер минут сайын мазаңызды алатын жарнамаларды елемейтін болсаңыз, тегін нұсқасын да жүктеуге болады. 

Bookmate

AppStore мен Google Play үшін тағы бір тегін бағдарлама Bookmate деп аталады. Бұл «ридерден» гөрі, көбірек кітап дүкеніне ұқсайды. Дегенмен оқырмандар үшін арнайы жағдай жасалған: өзіңізге ұнайтын фонның түсін таңдап, жарықты өзгерте аласыз. Бағдарлама тегін жазылғанымен, ішіндегі кейбір кітаптар ақылы. Сонымен қатар, бірнеше тілді онлайн кітапханадан іздегеніңізді табатыныңыз сөзсіз.

Дереккөз://massaget.kz/

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған