Әлемдегі ең кішкентай мемлекет

Біз «ел» деге сөзді атағанымызда, ойымызға белгілі бір аумақты алыр жатқан, өзіндік басқару жүйесі бар, тәуелсіз мемлекетті елестетеміз. Әлемдегі ең кішкентай мелмекет ол – Ватикан. Ол Италия астанасы Римнің қақ ортасында орналасқан және жер көлемі бар болғаны 0.45кв.км! 

Бұл католиктік шіркеулердің жоғарғы басқару органдары орналасқан жер. Мемлекет басшысы – Папа. Ватиканда өзіндік туы, почта үйі, теміржол вокзалы, тіпті өз ақшалары бар. Ол жерде сонымен қатар телефон желісі мен өзіндік радио таратқыштары бар.  Ватикан ішінде, бақтар ортасында Ватикандық сарай – Папа резиденциясы – әулие Петр шіркеуі орналасқан. Папа сарайында музей және кітапхана орналасқан. Сарайдың  толық бір қанатының алып жатқан  Ватикан кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапханалардың бірі болып табылады.

Көп жылдар бойы католиктік шіркеу басшылары орталық Италияның біраз бөлігін басқарып тұрды. Папа аймағы аталған бұл жер 1859 жылы 32 000кв.км жуық жерді алып жатты. 

1870 жылы Рим Италия астанасы болды. Папаның қарсылығына қарамастан папа аумағы Италияның патшалығына айналды.

1929 жылы Папа мен Италия басшылығының арасындағы келісім бойынша Ватикан мемлекеті пайда болды.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған