Әлемдегі тұңғыш метро

   Әлемдегі тұңғыш метро бекетінің қабырғасы Лондонда қаланған. ХІХ ғасырдың ортасында ағылшын астанасының тұрғындар саны 2 миллионға жетіп, қаланың бір нүктесінен екінші нүктесіне жету қиындай бастайды. Сондықтан 1855 жылы қала әкімшілігі жер асты транспорттық жүйесін салу туралы құжатқа қол қояды. Метроны салумен Metropolitan Railway компаниясы айналысады. Бірінші он метр тереңдікте туннельдер қазылып, кейін болаттан тірегіштер орнатылады. Сосын метро рельстері орнықтырылады. 

1863 жылдың 10 қаңтарында тұңғыш метро қолданысқа беріледі. Бірінші бағыт жеті станциядан тұрып, 3600 метрге созылған. Метроны іске қосу құрметі Уэльс ханзадасы, Біріккен Корольдіктің болашақ королі Эдуард VII-ге беріліп,ол метрополитеннің бірінші жолаушысына айналады. 

Бүгінде Лондон метросында 12 бағыт бар. Олардың басым бөлігі қала орталығы мен оның шеткі аймақтарын байланыстырады. Күн сайын 3 миллион, ал бір жылда 1 миллиард адам метро қызметін пайдаланады. Лондон метросы үлкендігіне қарамастан, 24 бағытпен қозғалатын Нью-Йорк метросынан үш есе аз көрсеткішке ие.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған