Мұрын

Адамның бүкіл ағзасы минутына 300 текше сантиметр оттегі сіңіріп тұрады екен. Соның алтыдан бір бөлігі, яғни 50 текше сантиметрін ұйықтап жатып та, ояу отырып та ми алып тұруы керек.

Оттегін мұрын арқылы қабылдайды адам. Соған орай гайморит сияқты ауруға шалдыққандардың танауы бітеліп, оттегі миға толық жетпей өкпеге өте шығады.

Адамның ұйқысы бұзылады, қорылдайды, басы ауырады, аузымен демалады. Емдемесе, ми оттегісіз «қурап» қалуы мүмкін. Мұның арты жақсы емес. Қазақ «ер мұрынды келеді, ат ерінді келеді» деп тегін айтпаса керек

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған