Маса неге ызыңдайды?

Тарихта Нұх пайғамбар дін жолын үгіттеп жүріп жер жүзіне ашуы түсіп топан су қаптатып жіберіпті де, жершарындағы 18 мың ғаламнан орын алып қалыпты.

Drawing gnat isolated on the white

Осы кезде тышқан кеменің тақтайын тесіп жіберіп, кемені суға толтырыпты. Мұны көрген жылан:

– Мен кемеге кіріп жатқан суды тоқтатсам, талабымды орындайсың ба? – деген екен.

Нұх пайғамбар оның талабын орындауға мақұл болған екен. Жылан тесікке құйрығын тығып, суды тосыпты. Судан аман шыққаннан кейін жылан Нұхқа:

– Мен дүниежүзіндегі өлген өліктердің дәмін татып, қайсысы тәтті

болса, соның қанын азықтансам, – дейді. Мұны біліп келуге Нұх пайғамбар масаны жіберген екен. Маса екі сағатта келуге серт береді. Бірақ маса уағында келмеген соң, масаны іздеп келуге қарлығаш жолға шығады. Алдынан кезіккен маса:

– Көп нәрсенің қанын сорып жүріп, уақытым асып кетіп жай қалдым, – депті. Қарлығаш:

– Ненің қаны тәтті екен? – дегенде маса:

– Адамның қаны тәтті екен, – депті. Қарлығаш:

– Қане, тіліңді ашшы мен көрейін, – дегенде маса:

– «Міне» деп тілін аша бергенде, қарлығаш масаның тілін бірақ

жұлып әкетіпті. Сонан қайтып барған маса жыланға ызыңдағаннан басқа ешнәрсе ұқтыра алмапты. Ешнәрсе ұға алмаған жыланға қарлығаш:

– Саған маса, тышқанның қаны тәтті, – деп тұр дегенде, қарлығаштың

сөзіне шамданған жылан, қарлығашты бас салып, шақпақшы болып, қарлығаштың құйрығынан тістеп қалғанда, қарлығаш ұша жөнеліпті. Содан қарлығаштың құйрығы аша болып, маса ызыңдайтын болған екен.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған