Математикалық қызықтар

 Кейбіреулер математиканы іш пыстырады десе, кейбіреу оны мүлде қызық емес деп есептейді. Ал, біз достар, бұл ғылымның адамды қаншалықты қызықтыратынын білеміз. Математикада қаншама еліктіретін деректер мен таңқаларлық жаңалықтар бар. Бәрін есептеп, санау мүмкін емес! Солардың біршамасын сендерге айтып береміз. Келістік пе? 

Мүмкін емес, бірақ егер сенің жасыңды 7-ге көбейтсе, сосын ол санды 1443-ке көбейтсе, нәтижесі сені міндетті түрде таңқалдырады. Нәтижесінде сенің үш рет қайталана жазылған жасың шығады. Тексереміз бе?    Бір қызығы, 23 немесе одан да көп адамдардан құралған кез келген топта, туған күндерін бір күнде атайтын екі адамның кезігу ықтималдығы көп. Мұндай сәйкестіктің ықтималдығы 50%-дан асады. Балақай, ал сен сәттің (миг) шын мәнінде уақыттың өлшем бірлігі екендігін білесің бе? Ол секундтың жүзден бір бөлігіне тең. Ежелгі римдықтар сандарының арасында бір санды ұмытып кеткен. Қайсысын ұмытқанын білесің бе? Нөлді. Нөл – рим цифрларымен жазуға келмейтін жалғыз сан. 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысы 5050-ге тең. Ал, сенің достарыңның арасында мұны білетіндер бар ма? 

Дереккөз: www.balalaralemi.kz

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған