Мектепке дайынбыз ба?

Жаз айы аяқталуға жақын. Демалысқа шыққанымыз кеше ғана еді, екі ай зыр етіп өте шыққанын аңғармай қалдық.

Енді сөмке арқалап, мектепке асығамыз. Бұл әсіресе, мектеп табалдырығн енді аттайтын оқушылар үшін айтулы күн. Біз мектепке оқу-құрал салатын сөмке, түрлі-түсті қағаз, қарындаш, сурет салуға арналған альбом, қаламсаптар алдық. Оқу жылына толықтай дайынбыз. Біз секілді барлық оқушылардың жаңа оқу жылын мерекелік көңіл-күймен қарсы алғанын қалаймыз.

Мөлдір

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған