Мемлекеттік тіл

Әркім тілін сүйеді,

Қадірлейміз бұны біз.

Қазақ тілі киелі – 

Мемлекеттік тіліміз.

 

Қазына бар бұл тілде

Анам айтқан жыр-әнін.

Жоғалуы мүмкін бе

Өлмейтұғын мұраның?!

 

Өшпейді еш уақытта

Ата-баба аңсары:

Қазақ тілі бақытқа

Жеткізеді баршаны.

 

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған