Менмендіктің кесірі

Айқын өте тәкаппар, өзімшіл бала болатын. Әкесі қайтыс болғалы бері, тіпті, ешкіммен араласпайтын болды. Ол өз ауласында үнемі жалғыз ойнайтын. Көршілерінің тұрмыс жағдайы төмен болатын. Сондықтан ол үйдің балаларымен ойнауды өзіне ар санайтын еді. 


Бір күні көрші үйдің қызы Еркежан жүгіріп келді, де әкесінің қатты ауырып жатқанын, сондықтан Айқынды көргісі келетінін айтты. Ал Айқын болса, «айдаладағы қызметші кедей мені қайтеді?» деп барудан бас тартты. Біраз уақыттан кейін көрші қыз қайта жүгіріп келді. Екі өкпесін қолына алып, ентігіп жеткен ол:
– Айқын, әкем ауыр хал үстінде жатыр. Сені шақырған себебі, осыдан біраз уақыт бұрын сенің әкең көз жұмар алдында балаларыма деп алтын қалдырып кеткен екен. Ол алтынның қайда тұрғанын тек менің әкем ғана біледі. Ол оны тек сенің өзіңе ғана айтқысы келеді, – деді. Мұны естіген Айқын алтыбақаннан секіріп түсті де, дереу көршісінің үйіне қарай жүгірді. Алайда, барлығы кеш еді. Ол келгенше көрші аға көз жұмып үлгерген екен. Айқын бұған дейін өзінің тәкаппарлық танытқанына іштей өкініп, бармағын тістеді. 
Адам өзін өзгелерден жоғары санамай, кішірейе білгенде ғана бойындағы бар қадір-қасиетін сақтап қалмақ. Ендеше, ешқашан өзіңді артық, зор санап, өзгелердің алдында менмендік танытпа, балақай!

#асыларна

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған