Неге иттер күн ыстықта тілін салақтатады?

Неге иттер күн ыстықта тілін салақтатып жүретінін анықтап көрейік. 

Мыналарды дайында:  кішкентай тегеш, су, мақта

  1. Суды тегешке құй
  2. Мақтаны суға батырып, оны сығып ал 

3. Онымен қолыңды сүрт

4. Сулы қолыңды ерніңе 10 см қашықтықта ұста

5. Қолыңның сулы жерін үрлеп көр. Не сезіп тұрсың?

Сонымен, біз иттердің адам терлеген секілді неге терлемейтінін білдік. Осы үшін де олар тілін салақтатып дем алады. Бұл сен қолыңды үрлегендегі салқындағаның сияқты, иттердің салқындауына көмектеседі.

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған