Нигара сарқырамасы қалай пайда болған?

Ниагара су құламасы — Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канаданың шекарасымен ағып өтетін Нигара өзенінің орта ағысында. Эри мен Онтарио көлдерінің қысқа аралығында Ниагара өзені 100 метрге жуық биіктіктен төмен қарай құлап ағады. Су құламасының астындағы тау жыныстары доломитті әктастар мен сазды тақтастардан тұрады. Әктастардан тұратын кемері үнемі шайылудың әсерінен Эри көліне қарай жылына 7 – 10 см жылжуда.

Ниагара су құламасы Козий аралымен 2 бөлікке бөлінген: канадалық (“таға” – тоғыз жүз метрлік доға) бөлігінің биіктігі 48 м, ені 800 м және америкалық бөлігінің биіктігі 51 м, ені 300 м. Судың гүрілі 25 км жерге дейін жетеді. Туризм дамыған.

Геологтардың айтуы болынша Нигара сарқырамасы өте жас. Оған шамамен  10 000—15 000 жыл болған. Мұз дәуірі кезінде мұздықтар қазіргі сарқырама жерін жауып жатқан. Мұз еріген соң, Эри көлі пайда болды. Одан өз суын солтүстікке қарай ағызатын өзен жолы пайда болды.

Нигара сарқырамасы туралы алғашқы жазбалар 1697 жылдары пайда бола бастады. Бұл туралы француз зерттеушісі Луис Хеннепин жазды. Ол сарқыраманы 1678 жылы  Сойр де ла Саллеммен бірге жаңа жерге экспедиция кезінде көрді. 

Comments:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған